Жарқын бастаманың негізі

    ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жарқын бастамалардың негізі. Елбасы атап көрсеткендей әрқайсымыз біздің қоғам дамуына оң үлес қосу үшін тең мүмкіндіктерге иеміз.

Сонау 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жас баладай жаңадан тәй-тәй басқанбыз. Бұл еліміз үшін қиын-қыстау кезең болды. Сол жылдардан талай қиындықтарды жеңіп, «Қазақстан – 2050» Стратегия­сын қабылдап мемлекеттің жаңа сая­си бағытына нық аяқ басты. Бұл Стратегияда ХХІ ғасырдың дамыған 30 елінің қатарына ену көзделген болатын. Осы бағыттардың барлығында Жолдауда жолға қойылған мәселелер тұрды. Елбасы әлем өркениеті қалыптастырған жақсы тәжірибелерді Қазақстан мемлекеті мен ұлттық менталитеті тұрғысынан байланыстыра отырып, үнемі тың ізденістер мен ұсыныстар айтып келеді.

Бүгінгі күні жүз мыңдаған жас маман бүкіл мемлекеттік секторларда қызмет етеді. Олардың көпшілігі өздерінің мансаптық дамуын көзге елестете де алған жоқ. Бұл жолы аграрлық ғылым мен «ақылды» технологияларды дамытып, жастарға сапалы білім беру жайында сөз қозғалды. Президенттің айтуынша, оқу бағдарламалары күрделі өзгеріске ұшырауы тиіс. Ал, жергілікті жоғары оқу орындары саладағы үздік тәжірибе орталығына айналуы керек.

«Тәуелсiздiгiмiздi көздiң қарашы­ғындай сақтап, мемлекетiмiздi нығайта беру үшiн бiзге ең әуелi бiрлiк қажет» деген Елбасының сөзін алға тарта отырып, биылғы Жолдаудағы нақтыланған жұмыстарға жұмылып, қолдауға шақырамын.

А.АЛПЫСОВ,

Қарағанды қаласының сот актілерін орындау жөніндегі Октябрь аумақтық бөлімінің бөлім бастығы, аға сот орындаушысы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.