Жаңалықтар

Жаппай жазылудамыз

Өндіріс өлкесінің жүрек соғысын бұқара халыққа жеткізуші жасампаз «Орталық Қазақстан» газеті – елдің ыстық ықыласына бөленген басылым. Сарыарқа жұртшылығының рухани уағызына айналған «Орталық Қазақстан» газеті жыл өткен сайын өсіп, өркендеп келеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың салиқалы саясатын насихаттауда, ел бірлігі мен ұлттар достастығын нығайтуда, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуда келелі істер атқарып жүрсіздер.

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ұжымы газеттің 200 данасына жазылды, жазылу әлі де жалғасуда. Барша қарағандылықтарды тұрғылықты халықтың үніне айнала білген басылым – «Орталық Қазақстан» газетіне жазылуға үндейміз.

Сізге және өзіңіз басшылық етіп отырған ұжымға шығармашылық табыс, жетістік тілеймін! Көзі қарақты оқырманыңыз көп болсын!

Е.Көбеев,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды

мемлекеттік университетінің ректоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button