Жаңалықтар

Жалған ақпарат жарға жығады

   Жалған ақпарат үшін темір торға қамалатынын біле тұра бұзақылар қылықтарын тыяр емес. Мәселен, 26 желтоқсан күні белгісіз ер адам Теміртау қалалық ІІБ Шығыс полиция бөлімшесіне қоңырау шалды…

Бұл – сағат 14.00 шамасында болған оқиға. Телефон тұтқасының арғы жағындағы ер адам қаладағы банк бөлімшелерінің біріне бомба қойылғанын жеткізді.

Қоңыраудан кейін жергілікті полиция іске кірісті. Тәртіп сақшылары банктер бөлімшелері орналасқан барлық ғимараттардағы тұрғындарды дереу эвакуациялады. Арнайы бөлімдер шақыртылып, ғимараттарда тексеру жұмыстары жүргізілді. Әйткенмен, ешбір нысаннан жоғарыда айтқан бомба табылмады.

Дерек нақтыланбаған соң полицейлер қоңырау шалған адамды іздестіруді қолға алды. Нәтижесінде, 28 қаңтар күні Теміртау қаласының 28 жастағы тұрғыны қолға түсті. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, бұл қылмыс бойынша жазаға тартылған тұлғалар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button