Руханият

Жайықтан жеткен жақсы хабар

Жайықтан Арқаға ақжолтай жаңалық жетті. С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, бас режиссер Айдын САЛБАН Оралдағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен I республикалық моноспектакльдер фестивалінде «Ең үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды. Бұл – түгел Арқа жұртының мерейін тасытқан ортақ қуаныш.

 

Аталған жүлде еңбекқор әрі өз ісінің шебері Айдын Абзалбекұлына «Ана мен Ала» моноспектаклі үшін берілді.

Заңғар жазушы Ш.Айтматовтың «Құс жолы» повесінің желісімен көрсетілетін қойылымда бір шаңырақтағы ана тағдыры арқылы Жер жүзіндегі аналар сезімі, сыры, махаббаты, қуанышы мен қасіреті айқын суреттеледі. Қойылымда өмірдің жақсысы мен жаманы, ащысы мен тұщысы, жарығы мен түнегі, қуанышы мен мұңы бар. Мейірім, адалдық, қайырымдылық, батылдық пен шыдамдылық сияқты қасиеттерге жүрегі толы жан – Ана. Осындай асыл қасиеттер үшін күресетін де Ана.
Ш.Айтматов пәлсапасы ойландырады, толғандырады.

Ішкі жан-дүниеңізді қопарып, қоғамға, мынау жарық жалғанға сергек көзбен қарауға шақырады.

Жерлесімізді жеңісімен құттықтай отырып, мол шығармашылық табыс тілейміз.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button