Руханият

«Жайдарман» – жастар алаңы

Бүгінде «Жайдарман» ойыны жастар арасында қарқынды дамуда. «Жайдарман» – жастарды тәрбиелеп қана қоймай, қоғамдағы келеңсіз мәселелерді астарлы әзілмен жеткізу еді. Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектебінің 10-сынып оқушыларынан құралған «Ерке қыздар» командасы «Маусымашар – 2023» Jaidarman junior фестивалінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Сурет: автордан

«Ерке қыздар» құрамы – Ақмарал Аманолла, Айгерім Болат, Ақмарал Дәкәрімова, Айым Мұратбек, Дина Нұрымхан, Аружан Тишбек, Жансая Тұяқ, Айша Ыбыкен есімді арулардан құралған. Команда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен аудандық байқауда гуманитарлық ғылымдар магистрі, тарих пәні мұғалімі Жұлдыз Манарбектің жетекшілігімен облыстық кезеңге жолдама алған болатын. Бұл жолы да арулар жүрісінен жаңылмады. Облыстық кезеңде бақ сынаған 16 команда ішінде «Ерке қыздар» тобы II орынды иеленіп, республикалық жайдарман ойындарына жолдама алды. Сонымен қатар, Саран қаласында ұйымдастырылған Саран қаласының әкімінің жүлдесіне арналған аймақтық «Жайдарман» фестивалінде жүлделі I орынды иеленіп, қос жүлдені қанжығалап қайтқан еді.

Бұл жолы «Қазақстан КТА одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі 29 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Астанада өткен «Жайдарман» ойындарының 2023 жылғы маусымының ашылуында өнер көрсеткен «Ерке қыздар» тобы «Маусымашар – 2023» Jaidarman junior фестивалінің келесі кезеңіне жолдама алды.

«Ерке қыздар» командасы тек мектептің емес, ауданның мақтанышы. Алдағы ойындарына сәттілік тілеп, келесі кезеңге сүрінбей өтуіне тілектеспіз!

Жазира ҚАЛИЕВА,

Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектебі (РО) жанындағы интернаты КММ-нің әлеуметтік педагогі.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button