Жаңғыру негізі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының маңызы ерекше. Себебі, біз жетістікке жету жолындағы жаңа әлемге қадам бастық.
«Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін», – деген Ұлт Көшбасшысы ортақ міндеттерімізді тағы бір айқындап берді.
Жолдауда айтылғандай, жаңғыру негізі – адами капитал. Сондықтан, білім беру жүйесін жаңартылған мазмұнға көшіру жалғаса береді.
«2019 жылдан 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.
Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.
Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады», – деді ел Президенті.
Мұғалім мәртебесін арттыру, еңбегін бағалау мәселесі де Жолдаудан тыс қалған жоқ. Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың жалақысын 30-50%-ға арттыру міндеті жүктелді.
Расымен де, рухани жаңғыру жолындағы Қазақстанның білім-ғылым, руханият әлеміндегі көші түзу болса, біз биік белестерді бағындырамыз!
Танас НҰҒМАНОВ,
ҚР ағарту ісінің үздігі.