Жаңалықтар

Жаңғыру негізі

     Биылғы Жолдауда Елбасының алға қойған он міндеті анық және түсінікті. Бұл пікірге мен де толық қосыламын. Ең бастысы, Қазақстан әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарынан көрінеді деген сенімдеміз.

Еліміз Президенттің тиімді мемлекеттік басқару, индустриаландыру, барлық салада заманауи, «ақылды» технологияны енгізу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту сияқты алға қойған міндеттері орындалған кезде Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамып келе жатқан әлемдік деңгейге көтеріліп, алдыңғы орында болады. Мұнымен қоса, Елбасы адам капиталының – жаңғырту негізі екендігін ерекше атап өтті. Егер, Қазақстан аза­­маты, тек, білімді, табысқа же­туші болып қана қоймай, спортшы болса – бұл аса үлкен же­­­тістік!

Бүгінгі күні салауатты өмір салты заманауи әлемге сәйкес келетін адамның бейнесімен тікелей байланыста. Біздің міндетіміз – осындай тамаша қасиеттерді өз бойымызға дарытып, одан соң спортқа деген сүйіспеншілікті балалар мен жас жеткіншектердің бойына дарыту. Сөйтіп, біз Қазақстан халқы мақтан ететін, республикамызды бүкіл әлемге танытатын, еліміздің патриоттары болатын спортшылар тәрбиелеп шығару арқылы Президентіміздің алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға лайықты үлес қосамыз.

Анатолий СТЕПАНЕНКО,

велосипед спорты бойынша

олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдердің облыстық мамандандырылған мектебінің директоры.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button