Жаңалықтар

Жақсы хабар жан жадыратты

   Бұл – ел болуымыздың, қазақтың Мәңгілік ұлт болуының керемет үрдісі, кемел үлгісі. Түркістанның 1500 жылдық мерейтойына сол кездегі өңір басшысы К.Мұхамеджановпен облыс делегациясы құрамында барғанымда Шымкент қаласындағы Тәуке хан даңғылымен домбыраның қос ішегіндей жарысып жатқан Қаздауысты Қазыбек бабамыздың көшесін көріп, мағмұрланған едім. Ел ағасы Кәмекең «Атамыздың ауылынан келіп, атамыздың ауылына түстік» дегені есімде. Еншісі бөлінбейтін қазақпыз ғой. Ұлтқа – ұран, халыққа – қалқан, жерге – кие, сөзге – ие даналар мен батырларымыз­дың мұқым Алаш жұртына ортақ екенін дәріптей білген Өр Алтай еліне бек разымын. Қаздауысты Қазыбек бабамыз­дың 350 жылдық мерейтойы жыл соңында осылай жақсы қорытындылануы – Арқа, жалпы Алаш жұртына үлкен мәртебе.

Ұзағынан сүйіндірсін!

Мағауия СЕМБАЙ,

Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері,

ҚР Президенті

сыйлығының лауреаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button