Жаңалықтар

Жаңашылдық үлгісі – қосымша білім беру

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер қосымша білім берудің маңызын арттыруда. Қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептер базасында балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандыра бермек.

Осы мақсатта балаларға қосымша білім беретін педагогтардың облыстық әдістемелік бірлестігі меңгерушілерінің нұсқаулық отырысы өтті.

Жиынға Қарағанды гуманитарлық колледждегі оқу орталығының көркем­өнер бөлімінің және Тәттімбет атын­дағы колледждегі тәжірибе жинау алаңы бөлімдерінің жетекшілері қатыс­ты. Басты тақырып «Қосымша білім беру» бағыты бойынша 2016-2017 оқу жылында қосымша білім беру педагогтарының қызметтерін ұйым­дастыру және жоспарлау мәселелері қарастырылды.

Жалпы, қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда Елбасы Н.Назарбаев балалардың әлеуметтік жағдайын баса назарға алып, оңтай­ландырудың оңай жолын табуды тапсырған. Осы ретте балалардың мектептен тыс ұйымдармен қарым-қатынасын жүзеге асыру мақсатында олардың ынтасын арттырып, қолдау көрсету арқылы мектептен тыс меке­мелерді қосымша білім беру мекемесі деп атап, оған қосымша білім беретін педагогтардың жұмысқа тарту міндет­телген.

Бұл ретте орынсыз жекешелен­дірілген балалар мекемелері қайтары­лып, орнына жаңа білім ошақтарын салу қарастырылған.

«Қосымша білім беру ұйымдары» балалар мен жасөспірімдерге кез келген жағдайда да жаңа білім алуға, бағалауға, шығармашылық белсенділігін дамытуға бағыттайды. Қосымша білім беру ұйымдарындағы педагогтар білімі де жыл сайын белгілі деңгейде жаңартылып отырады. Жалпы, Қарағанды облысы бойын­ша жаңа тұрпаттағы педагогты қалып­тастыру үшін 2012 жылдан бастап, үш деңгейлі бағдарлама бойын­ша біліктілікті арттыру курстары жүр­гізілуде. Бүгінгі таңда 3 123 педагог (16,6 пайыз) біліктіліктерін жетілдірді. Облыс педагогтары аталған курсты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоспарының кестесіне сәйкес өткізді.

Жалпы, мектептен тыс ұйымдағы жұмыстар педагог пен оқушыларды бос уақытта салауатты өмір салтына, дұрыс өмір сүруге бейімдеуде маңызды болып табылады. Мысалы, жазғы демалыс кезінде облыс бойынша оқушылардың сауықтыру дема­лысын, бос уақытын және жұмысқа араласуын ұйымдастыру мақсатында 166,5 мың адам қам­тылды. Бұл оқушылардың жалпы санының 99,1 пайызын құрап отыр (2014 жылы – 98,9 пайыз). Бұл рете жазғы сауықтыру лагер­лерінде қосымша білім беруде педагогтармен бірге сабақ­тар өтіп тұрды.

Ағымдағы жылда қала сыртындағы 13 сауықтыру лагер­лері (2014 жылы – 14) өз жұмысын атқарды. Оқытушы- педагогтарды іріктеу табиғи сипатта жүргізіліп, қарым-қатынас басты орында тұрды. Білім беру ұйымдары педагогтарының біліктілік деңгейі айтарлықтай жоғары деңгейлі болуы керектігі балалардың білім алу бағытын, жүйесін, оқу деңгейін анықтаудан айқын көрінді. Білім ошақтарының білім беру жүйесіндегі педагогтің оқушымен шығармашылық қарым-қатынасы қосымша білім беру ұйымдарының бірлескен іс-әрекетін белсенді ету жағымен аса маңызды екені байқалды.

Жалпы, педагогпен бірлесе отырып жасаған шығармашылық тапсыр­ма­ларды шешу оқушының белсенділігін арттырады. Бала­ларға қосымша білім беру меке­мелерінің бағдарламасы, қазіргі даму жүйесі барлық білім беретін мекеме­лердегі педагогикалық үрдістің ұйым­дастырылуы мен бағдарла­ма­лары­ның талаптарына сай, белгілі бір стандартпен тәртіп бойынша орындалуы тиіс. Бұл ретте, қосымша білім беру ұйымдарының басты жақсы тұсы– білімнің адам өмірі мен қоғамдағы орнын анықтап, тұлғалық даму тұрғысында озық жетістікке бағыттауында. Оқушының жастайынан өз ісіне баға беруге, болашаққа белгілі бағыт таңдап, өз мамандығын айқындауына сеп. Сондай-ақ, ғылымдағы жаңа тенденцияларды ажырата білуге бағыттайды. Оқушы қосымша ақпарат алумен шектелмей, шығармашылық дарынын арттырады. Педагог біліктілігінің арқасында бас­ты міндеттерді белгілейді. Алай­да, қосымша білім берудің даму жү­йесі барлық білім беретін жалпы орта мектептердегі бағдарламалар незінде жүрсе дұрыс бағытта болмақ. Педагог мамандардың біліктілігі де сол бағдарламалар негізінде ұйымдастырылып, мектеп талаптарына сай белгілі үлгімен жүргізілгені дұрыс.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button