Жаңалықтар

Жаңаарқа ауданында – жаңа басшы

      Юржан Асанұлы БЕКҚОЖИН Жаңаарқа ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Юржан Асанұлы 1961 жылы туған.

Екі жоғары білімі бар.

1991 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, 2004 жылы Қарағанды қаржы институтын бітірген.

Біліктілігі бойынша зооинженер, экономист-қаржыгер.

1994 жылдан бері мемлекеттік қызметте.

Еңбек жолын 1978 жылы бұрынғы Ақадыр ауданы, Көктіңкөлі ауылының №1 бөлімшесінде тракторшы болып бастаған.

1981-2006 жылдар аралығында бұрынғы Ақадыр ауданы Көктіңкөлі ауылында жүргізуші, комсомол комитетінің хатшысы, спорт комитетінің әдіскері, №1 мал шаруашылығы бригадасының бригадирі, бас зоотехник, селолық округ әкімшілігінің басшысы, ауыл әкімі міндеттерін атқарды.

2006-2011 жылдары Шет ауданы әкімінің орынбасары, 2011-2016 жылдары Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары қызметтерінде болды.

2016 жылдың тамыз айынан бастап Жаңаарқа ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына басшылық етті.

Басқа материалдар

Back to top button