Жаңалықтар

Жаңа жылда – жаңа талап

    Жуырда облыстық ішкі істер департаментінде Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды түсіндіру мақсатында баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараға құқық қорғаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандығын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғауға бағытталған заң жобасының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау.

Әкімшілік жазалау шараларының бірі ретінде әкімшілік қамаққа алуға әкеп соқтыратын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша 3 сағаттан 24 сағатқа дейін әкімшілік ұстау мерзімі ұлғайтылды. Қысқартылған іс жүргізу институты кеңейтілді. Құқық бұзушыға құқық бұзушылық жасалған күннен бастап жеті тәулік ішінде айыппұлдың толық сомасының елу пайызы мөлшерінде төлеу мүмкіндігі берілді. Халықты алдын ала құлақтандыру және қажетті құқықтық жаңа бастамаларды қоғамға дер уақытында жеткізу басты міндет,– деді облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Елжас Жартыбаев.

Сонымен қатар, облыстық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Валерий Коваленко:

Жеке тұлғаларда, заңды тұлғалар да Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларын құқықтық қолдану кезінде қандай қиындықтарға тап болатынын білуі маңызды сондай-ақ, барлық қатысушылардың заң ережелерін толық білгені абзал,– деді.

Валерий Коваленко заңмен ішкі істер органдарына ведомстволық бағынысты ӘҚБтК әкімшілік құқық бұзушылықтардың 40 құрамы бойынша әкімшілік айыппұлдардың мөлшерлерінің төмендетілгендігін тілге тиек етті.

Атап айтқанда, әкімшілік айыппұлдар мөлшерiнің төмендегені, ескерту жасау институтын қолдануды кеңейткендігі және жаза түрлерiн ізгілендіру пайдасына шешілгендігі сынды өзгертулер мен толықтыруларға кеңінен тоқталды.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button