Жаңа жоба: “Орталықта” онлайн-айтыс өтеді
Пәтуәлі сөздің парқын, болатын істің артын білген қазақ үшін сөз қадірі – өз қадіріндей қастерлі, аяулы. Сүйегіне сөз сіңген сүлейге, алқалы топта алқынбаған ақынға құрмет пен қошеметтің қашан да ерек болғандығы осыдан болса керек…
Осы орайда, «Ortalyq Qazaqstan» газеті еліміздегі төтенше жағдай тұсында ормандай оқырмандарының жігерін жанып, рухын көтеру мақсатында «Ұлт саулығы – ұлы мұрат» атты Арқа ақындарының жазба айтысын өткізуді қолға алды. Сонымен, онлайн түрінде өткен жазба айтыстың алғашқы жұбы – белгілі ақын Руслан НҰРБАЙ мен айтыстың аламанында оза шауып, бәйге алып жүрген Тілеген ӘДІЛ. Ақындар айтысын “Ortalyq Qazaqstan” газетінің сенбілік санынан және https://ortalyq.kz сайтынан оқи аласыздар. Жаңа жобамыздағы қос жүйрікке жанкүйер болыңыздар, ағайын!
P.S: Үздік ақынды арнайы құрылған қазылар алқасы оқырманның пікірін ескере отырып бағалайды. Ол үшін https://ortalyq.kz порталында және инстаграм желісіндегі @ortalyq.kz парақшасында ақындарға қолдау көрсетіп, дауыс беріңіздер.