Бас тақырыпСпорт

Қарағандылық Алан Құрманғалиев АҚШ-тағы халықаралық турнирде топ жарды

Қарағандылық жас спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен кезекті халықаралық жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде қарсыластарының барлығын сенімді түрде жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Сурет үстел теннисі федерациясынан

Қазақстанның үстел теннисі федерациясының мәліметінше, Эльмира Әлиеваның шәкірті жарыс барысында шеберлігі мен тұрақты ойынын көрсетіп, турнирдің басты фавориттерінің біріне айналды.

Алан Құрманғалиев жарыста бірнеше кездесу өткізіп, қарсыластарына мүмкіндік бермеді. Ол америкалық Алекс Лоны 3:1 есебімен жеңсе, Абхинав Ширбхатеге қарсы кездесуде 3:0 есебімен басым түсті. Ал тағы бір америкалық спортшы Эндрю Цаоны да 3:0 есебімен ұтты.

Қазақстандық спортшы Австралия өкілі Чулун Неумен болған тартысты кездесуде де жеңіске жетіп, қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Алан Құрманғалиев АҚШ-тағы WTT Youth Contender додасында үздік нәтиже көрсетіп, жарыстың жеңімпазы атанды.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button