Жаңалықтар

Жаңа жоба іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар үшін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау мемлекеттік қызметін көрсетудің жаңа проактивті пилоттық жобасын іске қосты.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында 2019 жылдың 09 тамызынан бастап СМС-хабарлама арқылы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің жаңа белсенді пилоттық жобасы іске қосылған.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған қызмет алушының абоненттік нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, қызмет көпбалалы ана туралы ақпарат түсу барысында көрсетіледі.

Абоненттік нөмірін тексеру оң нәтиже берген жағдайда, қызмет алушыға қызметті проактивті көрсету келісімін алу үшін СМС келеді. Келген СМС-ке жауап беру мерзімі – хабарлама түскен күннен бастап 3 жұмыс күні. Жауап түспеген жағдайда, қызмет алушыға Мемлекеттік корпорацияға келу қажеттілігі туралы СМС хабарлама келеді.

 Проактив қызметті көрсетуге келісімді берген жағдайда қызмет алушыға растауға СМС немесе банк шотының нөмірін ұсынуға сұраным келеді. Әрекеттегі құжаты, жеке басын куәландыратын және тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы ақпараттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен сұралады.

Сәтті растау немесе барлық қажетті мәліметтерді алған жағдайда қызмет алушыға Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарымен бекітілген тиісті мерзімде проактивті форматта мемлекеттік қызмет көрсетіледі және жәрдемақының тағайындалған мөлшері (тағайындаудан бас тарту) туралы СМС хабарлама келеді.

Аталмыш қызметтің тиімділігі – қызмет алушы проактив аркылы Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне бармай, СМС-хабарлама арқылы алады және аталмыш жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған күннен бастап тағайындалады.

Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгіну барысында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 «Балалы отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес жәрдемақы жүгінген күннен бастап тағайындалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды қалалық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі.

Басқа материалдар

Back to top button