Жаңа жоба – игілік тірегі

   «Нұр Отан» партиясы Қаражал қалалық филиалы мемлекеттік органдармен тізе қоса отырып, жалпы қоғам мүшелері үшін қажетті жұмыстар ауқымын жоспарлы негізде жүргізуде. Солардың бірі – Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында көзделген қадамдардың мәні мен маңызын түсіндіру.

Партияның қалалық филиа­лы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бө­лі­мімен бірге Жәйрем кентінің жұрт­шылығымен мақсатты кездесу өткізді.

Екіжақты түсіністік үстемдік құр­ған жылыжүзді жүздесу барысында жалпы Қазақстан аумағы бойынша алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда аталған санаттағы отбасылары үшін мемлекет та­рапынан қарастырылып отырған әлеуметтік көмек көрсету түрлері мен оған қол жеткізудің алғышарттары хақында кең көлемді түсініктеме берілді. Жиын барысында жаңа жоба табысы төмен отбасылар санының азаюы мен олардың тұрмысының көтерілуіне тигізер ықпалына назар аударылды.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ҚАРАЖАЛ қаласы.  

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.