Жаңалықтар

Жаңа жаһандық ахуал

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауын ұжымымыз биыл да қызу талқылады. Жолдауда айтылған барлық мәселелер еліміздің өркендеуіне, әрі халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.  Ал, өзекті мәселенің бірі – білім беру сапасы. Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, әр азамат тегін білім алуға құқылы. Бірақ,  әлем дамыған сайын, білім сапасын заман талабына сай өзгертіп, толықтырып отыру қажет. Бұл жағдайды да Президентіміз ескеріп, білім сапасын арттыруды өзекті мәселе ретінде алға тартты.

Мектепке дейінгі білім беру және балаларды ерте кезден дамыту ісі жоспарлануда, бұл жоспар жас түлектерді заман талабына сай тез бейімделуіне септігін тигізеді. Елбасымыздың айтуынша 100 үздік оқулық аударылуда. Осыған орай, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау жоспарлануда. Қазірдің өзінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары қарқынды жүруде. Болашақта еліміздің университеттеріндегі педогогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет екендігін Елбасымыз ескерген болатын. Себебі, оқытушылардың біліктілігі және заман талабына бейімділігі оқушылардың білім сапасына тікелей әсер етеді. Әсіресе, математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек екендігі айтылып кетті.

Сонымен қатар, жастарымызға лабораториялармен, инфрақұрылымдары бар технопарктер мен бизнес клубтарда және IT-технологиялармен жұмыс жасауы  олардың заманға сай дамып, өркендеуіне септігін тигізеді. Жоғары білім беру орталықтарында металлургия, мұнай-газ, химия агро-өнеркәсіп кешені, био және зерттеу ісіне басымдылық беретін жоғары оқу ғылымын дамыту керек. Қазірдің өзінде аталмыш оқу орындарына үкіметтен барынша қолдау көрсетілуде және болашақта жаңа толықтырулармен қосымша қолдау болатынына сенімдіміз.

Қазақстандықтардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі және латын әліпбиіне көшуі – жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеу үшін қажет. Қазірден бастап іс-әрекетке көшіп, бәсекеге қабілетті болсақ несі айып? Бұл бағдарламалар халықты этникалық топқа бөлмей, кез келген адамға болашақта қалаған мамандығы бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Елбасымыздың денсаулыққа қатысты айтқандарына тоқталмай кетуге болмайды. Себебі, ұлт денсаулығы басты әрі күрделі мәселе. Халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру, медициналық технологиялар мен жаңа медициналық құрал-жабдықтармен жаңартып, көптеген аурулардың алдын алу үшін бірқатар  шаралар атқарылды. Медицина саласы дамыды және қызмет сапасы артты. Бұрын елімізде болмаған операция түрлері қазір кең қолданыста. Бірақ, шектелуге болмайды. Медицина сапасын әрі қарай дамытуды жалғастырып, жас мамандарды даярлау сапасын жаңартып отыру керек деп есептейміз.

Президентіміздің жоспары бойынша еліміз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен  көшетін болады. Бұл бағдарлама денсаулық сақтау саласының жақсаруына септігін тигізеді және медициналық көмектің  жақсаруына, бәсекелестіктің дамуына, сонымен қатар, дәрі-дәрмектің арзандауына септігін тигізеді деп сенеміз.

2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 Қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану арқылы республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму жолына көшіру үшін жағдай жасау. Бағдарлама 2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылады және елдің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін береді, еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.

Бұл бағдарлама архив саласының қызметкерлеріне және өтініш берушілерге тиімді. Себебі, құжаттарды сандық ақпаратқа көшірген жағдайда жүйеленеді, жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беріледі.

Жолдаудың үшінші «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағыты, сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі. Президентіміз атап өткен «Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп әрбір адамның өз әлеуметін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор». Негізгі мамандық бойынша заманауи стандарттар әзірленер болса, жұмыс берушілер мен бизнесмендер маманның біліктілігі мен қабілеттілігін айқындай алады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, құжат машақатын азайтып, жұмысты адал әрі тиімді атқаруға жағдай жасау қажет. Электронды еңбек биржасын қолдану – жұмыс берушілер мен ізденушілер туралы ақпаратты бір жерде жүйелі түрде сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын тезірек иеленуге және еліміздің басқа да елді мекендерінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатын болады. Қарқынды даму заманында әр адамның зейнетақысы өз жұмысының нәтижесіне байланысты болмақ. Бұл жоба уақытылы құрылған әрі болашақта халықтын хал-ауқатын көтеруге септігін тигізеді.

 

 Э.ОСАЖАНОВА,

                А.ЕСЕНОВ,

Қарағанды облысының

ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архивінің 

архившілері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button