Жаңа жүйеге – жоғары баға
Жуырда Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ Қарағанды қаласының №2 Халыққа қызмет көрсету орталығына, Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөліміне арнайы барып, мекемелердің тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының АХАТ бөлімі азаматтық хал актілерінің 9 түрі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетеді (азаматтардың есімін, әкесінің атын және тегін ауыстыруды тіркеу, соның ішінде, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу, қайтыс болуды тіркеу, соның ішінде, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу, азаматтық хал актілерін қалпына келтіру, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру, неке қию (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, соның ішінде, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу, неке бұзуды тіркеу, соның ішінде, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу, тууды тіркеу, соның ішінде, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу, әкелікті белгілеуді тіркеу, соның ішінде, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу, асырап алуды тіркеу, соның ішінде, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу).
Күн сайын АХАТ бөліміне, орташа есеппен алғанда, 50 адам өтініш береді. Минск конвенциясы аясындағы бір қызметтен басқа қызметтердің барлық түрі бойынша өтінімдер қабылданады.
Халыққа қызмет көрсету орталығының үш бөлімінен АХАТ бөліміне күніне 80 өтінім келіп түседі. Аталған өтінімдерді орындау мерзімі – 3 күнтізбелік күннен бастап 7 күнтізбелік күнге дейін.
Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Ерікбайұлы мемлекеттік мекемедегі жаңа іс-шараларды жоғары бағалады. Биылғы 17 қарашадан бастап тууды тіркеу, сот шешімі бойынша неке бұзуды тіркеу және қайтыс болуды тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімін 3 сағаттық мерзімге қысқартуға мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске асырылады. Осы жобаның аясында АХАТ бөлімі жыл басынан бері 800 мемлекеттік қызмет көрсеткен екен.
Өз тілшімізден.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы