Басты тақырыпНұра

Жаңа заманның жас басқарушылары

    Таяуда аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметке келген жас мамандармен аудан әкімі Ниқанбай Иманғалиұлы кездесу өткізді.

   Аудан әкімі Ниқанбай Омарханов көздерінде от, жүректерінде жалын ойнаған жастарға жаңа жауапты міндеттің қыр-сырын, алдыдағы қыруар жұмыс, атқарылар міндет жолдарымен таныстыра келе, еңбектеріне жеміс тіледі. Сый-сияпат көрсетті.

    Мемлекеттік қызметті таңдаған, елдің іргесін бекем ұстап, мәртебесін асқақтатар жастардың алдыңғы қатары 38 жаста болса, ең жасы – 22 жаста. Бұлар: Руслан Жүсіпов, Рүстем Тү­сіпбеков – Нұра ауданы әкімінің орын­басарлары, Мұратбек Тұраров – Нұра ауданы әкімі аппаратының басшысы, Олжас Даутов – Нұра ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, Әсел Қалжанова – Нұра ауданы әкімінің персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, Мейірман Маденов – Нұра ауданы әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Медет Курманов – Нұра ауданы әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, Әйгерім Серік – Нұра ауданы әкімі аппаратының бухгалтері. Бұлар – тек аудан әкімі аппаратына алынған жастар.

   Ауданға қарасты бөлімдер бойынша: Аягүл Құрманова – Нұра ауданы сәулет және қала құрылыс бөлімінің бас маманы, Самат Үсенбеков – аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, Сырлан Әбілов, Мақсат Тоқтаров – аудандық тұрғын үй шаруашылық, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, Гүлнұр Кәрімтай – Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту және мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек көрсету секторының бас маманы.

   Ауылдар бойынша: Ерлан Ишанбек – Жараспай ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы, Әйгерім Өміртай – Кертінді ауылы әкімі аппаратының жетекші маман-бухгалтері, Әсет Досанов – Киевка кенті әкімі ап­паратының бас маман-бухгалтері, Салтанат Капарова, Наталья Гах – Ахмет ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы, Динара Еслямова – Қарой ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы, Салауат Ахмедин – Шұбаркөл кенті әкімі аппаратының бас маманы, Айсырға Жұмажанова – Ақмешіт ауылы әкімі аппаратының жетекші ма­ман-бухгалтері, Олжас Қуанышев – Құланөтпес ауылы әкімі аппаратының жетекші маман-бухгалтері, Дамир Наурызбаев, Мадияр Аманжолов – Киевка кенті әкімі аппаратының бас маманы, Жеңіс Күлмағанбетов – Балықтыкөл негізгі мектебінің директоры.

    Жастар – таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың нышаны. Шежірелі тарихқа көз жүгіртсек, ел басына күн туған заманда жерінің бүтіндігі мен ел іргесінің қауіпсіздігін сақтап қалуда ерен еңбек сіңірген тарихи тұлғаларымыздың басым бөлігі сол кезде қылшылдаған, білекті де жүректі, намысшыл, жалындаған жастар болған. Сол тарихи күрескер тұлғалардың ұрпақтары, бүгінгі жастар, біздің тәуелсіз еліміздің ертеңі, жарқын болашағы. Өздерін өмір сүруге лайықтай білетін, рухани азығы мол қасиеттерге ұмтылып, көңілдегі көксеген мұраттарына кедергісіз қол жеткізіп жүрген жастарымыз – қоғамның негізгі қозғаушы күші. Оларды демеп, ынталандырып отырса, аспайтын асуы, алмайтын қамалы жоқ. Ұрпақтар сабақтастығы деген де сол болар.

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button