Жаңалықтар

ЖАҢА ТАЛАП – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

    Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ халқымыздың саяси-экономикалық, әлеуметтік-рухани дамуының нақты он бағытын айқындаған Жолдауы елімізде үлкен, ауқымды істердің басталуына тың серпін берері сөзсіз. Тәуелсіздіктің екінші 25 жылдығына қадам басып отырған еліміз үшін Президентіміздің бұл Жолдауы Қазақстан халқына үлкен серпіліс туғызып, тың идеяларға ұмтылуына, рухани дамуына жаңа қарқын береді.

Әсіресе, оқу ағарту саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына бұл Жолдаудағы жетінші бағыт – адами капитал сапасын жақсарту жөніндегі ойлары, атап айтқанда, білім беру жүйесінің рөлі туралы айтқан сөздері қызу қолдауға ие болуда. Елбасының: бұрынғы Жолдауларында айтқан «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген сөздері әлі күнге күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті мәселелердің бірі екендігі ақиқат. Елбасы Жолдауында айтылған осы негізгі он бағыт уақыт талабынан туындап отырған ұсыныстар деп қабылдаймыз. Сондай-ақ, мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе, ауыл мен қалада әртүрлі екендігі білікті педагогтардың жетіспеу проблемалары туралы айтқан ойлары көптен көтеріліп келе жатқан проблемалардың оң шешімін табуына мұрындық болары сөзсіз.

Сондай-ақ, Жолдау бағыттарында келтірілген өнеркәсіп, өндіріс ошақтары, цифрлы Қазақстан, оқу-ағарту мәселелері мен тұрғын үй, адам денсаулығын жақсартуға бағытталған бағыттар да халықтың көңілінен шыққаны сөзсіз. 2050 жылға дейін халықтың әл-ауқатын арттыра отырып, дамыған 30 елдің қатарында болуды діттеген стратегиялық жоспардың өміршеңдігін ел Тәуелсіздігінің 26 жылдық шежіресінен анық аңғаруға болады. Қорыта айтқанда, Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы елміз үшін жарқын болашаққа апарар иігі істердің баянды бастамасы деп білеміз.

Қойлыбай АСАНҰЛЫ,

филология ғылымдарының докторы,

Е.Бөкетов атындағы

ҚарМУ профессоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button