Жаңалықтар

Жаңа лауазымда – жаңа басшы

Мемлекет басшысы осы жылдың жазында орталық мемлекеттік органдарда, мемлекеттен тыс мекемелерде және әкімдіктерде әдеп бойынша уәкілетті лауазымын бекітті.

Әдеп бойынша уәкілеттіден қызметшілер және байланысы бар азаматтар әдеп тұрғысында пайда болған мәселелер негізінде кеңес ала алады.

Сондай-ақ, уәкілеттіге әдеп нормалары бұзылуының алдын алу функциялары жүктелген.

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 61-бабы, 1-тармағы, 2-тармақшасы және 30-бабы, 1-тармағы және 29-бабы, 1-тармағына сәйкес, облыс әкімі аппаратында әдеп бойынша уәкілетті лауазымына Сандуғаш Сабетқызы Асылбекова тағайындалды.

Сандуғаш Сабетқызы 1962 жылы туған.

Екі жоғары білімі бар.

Біліктілігі бойынша – инженер, заңгер.

1997 жылдан бері мемлекеттік қызметте.

Балқаш қаласы әкімдігінде бөлім маманы қызметінен қала әкімі аппаратының басшысы лауазымына дейінгі еңбек жолынан өтті.

Осы тағайындауға дейін облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде бас инспектор қызметін атқарды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button