Жаңа кешен ашылды

        Аудан орталығы Ұлытау селосында кәсіпкерлік саласы уақыт санап, кең тыныс алып келеді. Жуырда ғана қоғамдық моншасы мен азық-түлік дүкені бар жаңа кешеннің пайдалануға берілуі – соның бір айғағы.

Қызмет көрсету түрлері тұр­ғындар сұранысын иеленген нысан жас кәсіпкер Рысбек Түл­кібайдың «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік  бағдарламасының екінші бағыты бойынша несие алуы негізінде ашылып отыр.

– Мемлекет тарапынан көр­сетілген нақты қолдаудың тиім­ділігін бүгін анық сезініп тұрмын. Қазір екі адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта олардың саны артып, тағы да бес адамға жұмыс орны ұсынылады. Себебі, азық-түлік дүкені мен бассейні бар моншадан бөлек, шаштараз қызметін көрсетуді де жоспарлап отырмын, – дейді тәуекелге бел буып, тың жобаны іске асыруды батыл қолға алған жас кәсіпкер.

Уақыт талабына сай жабдықталған кешеннің ашылу рәсіміне аудандық мәслихаттың хатшысы Талғат Сейтжанов пен селолық округ әкімі Еркін Түсіпбеков қатысты.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.