Жұрт сенімі – Серікте

     Серік СӘПИЕВ – халық қалаулысы. Сейсенбі күні жерлесіміз ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатарына қосылды.

28 ақпан күні ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Серік Сәпиевті Парламент Мәжі­лісінің депутаты ретінде тіркеді. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Серікті депутаттар сапына қабылдау туралы комиссияның отырысында шешім шығарылған. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Серікке Мәжіліс депутатының куәлігі мен төсбелгісін табыс етті.

Енді, Қарағанды тұрғындарының сенімі Серікте. Жұрт­тың мұңын мұңдап, жоғын жоқтау – парызы.

Нұрқанат ҚАНАФИН

3 thoughts on “Жұрт сенімі – Серікте

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.