Руханият

Жүрсін Ерман дертінен толық айықпаған: Швейцариядағы құдасы өз елінде дәрігер тауып қойды

Жүрсін Ерман Қазақстандағы ауруханада емделіп, үйіне шыққанымен дертінен әлі толықтай айықпаған. Ақынның Швейцариядағы құдасы өз елінде білікті дәрігерлерді тауып, Ж.Ерманның ем алуына көмектеспек, деп жазады Ortalyq.kz тілшісі KYN.KZ сайтына сілтеме жасап. 

фото: kyn.kz

Ақынның қызы Ардақтың айтуынша Жүрсін Ерманның бойында соңғы бес жылда қойылған бірнеше стенд бар. Яғни жүрек-қантамырларындағы тромбтарды осындай тәсілмен емдеген. Бірақ Жүрсін Ерманның аяғындағы үлкен көктамырға қойылған протезді ағзасы қабылдамай, жағдайы ушықты. Салдарынан есінен танып құлады. Қазірге дәрігерлер ағзаға кері әсерін берген протезді алған. Тізедегі көктамырды енді қайта емдеу қажет.

Қазір Жүрсін Ерманның Швейцариядағы құдасы Тедресс өз елінен қан тамырлары бойынша білікті мамандарға хабарласып, ақынның бұдан кейінгі еміне көмек қолын созуға ниетті. 

Енді ақын үйіне шыққанымен, Швейцарияға бару үшін де күш жинап, әлденіп алуы керек екен. Сондықтан қазір үй жағдайында дәрумендермен қуаттанып, шетелдегі емге кетуге дайындалып жатыр.

Басқа материалдар

Back to top button