Спорт

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы кім?

Орта дивизиондағы WBO титулы – қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлында. Алайда, бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) әлеуметтік желіде британиялық Лиам Смитті орта салмақтағы боксшылардың рейтингінде «бірінші нөмірлі боксшы» деп қоятынын мәлімдеді.

Ал, мұндай шешім боксшының WBO чемпионына міндетті қарсылас болатынын білдіреді. Орта дивизиондағы титул қазақстандық боксшыға тиесілі болғандықтан, қос боксшы арасындағы жекпе-жекті жақын арада көріп қалуымыз әбден мүмкін.  

Бірақ, британиялық боксшы тағы бір кездесу өткізуі мүмкін. Қаңтар айында Лиам Смит отандасы Крис Юбенкті нокаутқа түсіріп, сенсация жасаған. Крис Юбенк келісімшартта көрсетілгендей қарымта кездесуді талап етіп отыр. Егер қарымта кездесу болған жағдайда Жәнібек Әлімханұлы мен Лиам Смит арасындағы кездесу жақын арада өтпейді деген сөз.

Айта кетейік, Лиам Смит 2015-2016 жылдары бірінші орта салмақта WBO чемпионы болған.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button