Жаңалықтар

Жұмыссыздық деңгейі қандай?

Жұмыспен қамту мәселелері бойынша халықты іріктеп зерттеу қорытындылары негізінде 2017 жылғы үшінші тоқсанда Қарағанды облысындағы 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 694,4 мың адам болып, халық санындағы жұмыс күшінің үлесі 65,5%-ды құрады. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің хабарлау­ынша, облыс экономикасында 661,7 мың адам жұмыспен қам­тыл­ған. Жалпы жұмыспен қам­тылған халық ішінде жалдамалы жұмыскерлердің үлесі – 91%-ы ке­леді, ал, 9%-ы – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар – 81,4%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 18,6% шамасында.

Жұмыссыз халық саны бағалау бойынша 32,7 мың адам болса, жұмыссыздардың жалпы санында оның  57%-ы әйелдер. Жұмыссыздық деңгейі 4,7% көлемінде. 15-24 жастағы жастар арасында жұмыссыздық деңгейі – 5,9%.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button