Ақтоғай

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Ақтоғай ауданында «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, елді елеңдеткен дертті ауыздықтауда ешкімнің де бей-жай қарап, қалыс қалғысы жоқ. Өңірдің ерікті жастары,  ауданға қарасты мектеп ұстаздары мен кәсіпкерлер тегін бетперде тігіп таратып, аталмыш акцияға өз үлестерін қосуда. Бәрінің де тілегі  – әлемді әуреге салған індеттен тез құтылып, оның етек алуына жол бермеу.

Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Абылай Аманжолов «Қиын сәтте бір-біріне қол ұшын беру – адамдардың бойындағы бағалы қасиет. Бүгінгі күнге дейін әлеуметтік қорғауды қажет ететін отбасыларға жалпы 2000 дана бетперде таратылды. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының иелері, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен мұқтаж отбасыларға ет және қажетті азық-түлік тауарлары үлестірілді. Акция одан әрі өз жалғасын табатын болады» – дейді.

Өз тілшімізден.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button