ҚарқаралыАймақАқтоғайБас тақырыпҚарағандыНұра

“BaiQymyz-2026”: Қарағайлы командасы көкпар бәсекесінде топ жарды

“BaiQymyz-2026” мерекесінде ұлттық ойындардың ішінде көкпар додасы да көпшіліктің делебесін қоздырды. Қарқаралы баурайындағы дүбірлі сында шабандоздар тақым күші мен аттың бабын қатар танытып, көрерменге нағыз тартысты бәсеке сыйлады.

Суреттерді түсірген А. Марченко

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Қарағайлы ауылынан келген «Жанали» ЖШС командасы жеңіп алды.

ІІ орын Қарқаралы көкпаршыларына бұйырса, ІІІ орынды Нұра ауданының командасы иеленді.

Ал, төртінші орын Ақтоғай ауданының шабандоздарына берілді.

Көкпар сайысы фестивальдің ұлттық бояуын қалыңдатып, қымыз думанының көркін қыздырған әсерлі бәсекенің біріне айналды.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button