АқтоғайАймақБас тақырып

Ақтоғай ауданының туристік әлеуеті артып келеді

Ақтоғай ауданыҚарағанды облысының тарихи, табиғи және мәдени мұраларға бай, ішкі туризмді дамытуға зор әлеуеті бар өңірлерінің бірі. Өңірдің географиялық ерекшелігі мен табиғи ландшафттарының алуантүрлілігі оны экологиялық, мәдени-танымдық және жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ ретінде айқындайды

Суреттер Ақтоғай ауданы әкімдігінен

Аудан аумағындағы негізгі туристік нысандар қатарында Балқаш көлі, Бектау-Ата тау жотасы мен шатқалы, Қызыларай қорығы, Ақсораң шыңы және ежелгі «БеғазыДәндібай мәдениеті» тарихи-археологиялық кешені бар.

Бұл нысандар өңірдің туристік тартымдылығын арттырып қана қоймай, Қазақстанның табии және тарихи мұрасын кеңінен танытуға мүмкіндік береді.

Бектау-Ата шатқалы 

Бектау-Ата шатқалыАқтоғай ауданының ең ерекшетабиғи-туристік нысандарының бірі. Ол граниттітаулардан, ерекше пішінді жартастардан, үңгірлер ментабиғи бедерлерден тұратын бірегей ландшафымен ерекшеленеді. Бұл аймақ табиғаттың ерекше көріністері арқылы туристерді өзіне тартады.

Бектау-Ата аумағы экологиялық туризм, жаяу серуен, альпинизм және фото-туризм үшін өте қолайлы. Жаз мезгілінде мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келетін демалушылар кемпинг құрып, табиғат аясында демалады. Сонымен қатар, шатқалдағы ерекше тастармен үңгірлер жергілікті аңыз-әңгімелермен байланысты болғандықтан, оның тарихи-танымдық мәні де жоғары. Бектау-Ататабиғи сұлулық пен тыныштықты іздейтін саяхатшылар үшін ерекше рекреациялық аймақ.

Ақсораң шыңы және Қызыларай өңірі 

Шабанбай ауылдық округінде орналасқан Ақсораң шыңы (1565 м) – Сарыарқаның ең биік нүктелерінің бірі. Мұнда қарағайлы ормандар, кәусар бұлақтар және адам аяғы баспаған табиғи көрікті мекендер сақталған. Бұл аймақ табиғи туризмді дамытуға ерекше мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ауылдан шамамен 22 шақырым жерде орналасқан «БеғазыДәндібай мәдениеті» мавзолейіерте дәуір тарихынан сыр шертетін маңызды археологиялық ескерткіш. Бұл нысан тарихи-танымдық туризм үшін үлкен қызығушылық тудырады.

Балқаш көлі жағалауы 

Ақтоғай ауданы Балқаш көлінің жағалауына  жақын орналасқан. Көлдің табиғи жағажайлары мен тыныш демалыс аймақтары жағажай және рекреациялық туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Балқаш көлі балық аулау, демалыс және экологиялық туризм үшін  қолайлы  өңір.

Туристік инфрақұрылым

Ауданда туристерге қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар орналастыру және қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Атап айтқанда, Ақтоғай ауылындағы «Айфар» қонақ үйі, Шашубай кентіндегі «Шашу» қонақүйі мен дәмханасы, Шабанбай би ауылдық округіндегі «Сұлутас» қонақжай үйі, Ортадересін ауылдық округіндегі Бектауата шатқалында орналасқан этноауыл және аудан орталығында жаңадан іске қосылған «Истамбул» дәмханасы келушілерге қызмет көрсетуде. Бұл нысандар туристерге сапалы қызмет ұсынып, өңірдің сервистік инфрақұрылымын дамытуға ықпал етуде.

Жалпы алғанда, Ақтоғай ауданы табиғи ресурстарға, тарихи-мәдени мұраларға және рекреациялық аймақтарға бай өңір ретінде ішкі туризмді дамытуда стратегиялық маңызға ие. Алдағы уақытта инфрақұрылымды жетілдіру және туристік бағыттарды кеңейту арқылы ауданның туристік брендін қалыптастыруға үлкен мүмкіндік бар.

Нұрдос КӘРІМ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button