Қарағанды

Өзекті мәселелер сараланды

Биылғы қалалық дәстүрлі тамыз кеңесі Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВТІҢ қатысуымен онлайн тәртібінде өткізілді.

«Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбына арналған кеңес барысында Қазақстан Респуб­ликасындағы білім беру маз­мұнының жаңаруы, оның ішінде бастауыш сыныптарға білім берудегі жаңа мемлекеттік стандарт жөнінде сөз болды. Сондай-ақ, 1 сынып оқу­шылары үшін оқулықтардың дұрыс үлестірілуі сарапталды. Үштілді білім беруге дайындық, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту, робототехника құралдары арқылы оқушылардың техникалық ойлауын дамыту жағы кеңінен талқыланды. Бұл ретте, оқушыларды оқыту және тәрбиелеудегі инно­вациялық тәсілдер, қазақстандық патр­иотизмді қалыптастырудағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясындағы мәселелер талқыланды.

Мәжіліс жұмысына білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтар, білім саласының ардагерлері, қала-аудандардағы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ төрағалары қатысты. Жиын барысында мәжіліске қатысушылар 2015-2016 оқу жылындағы кәсіби шеберлік шың­далған қалалық байқаулардың жеңімпаз педагогтары әзірлеген көрмемен танысты.

Тамыз кеңесі барысында №101 мектеп-лицейдің аға тәлімгері А.Тка­чен­ко, №17 орта мектептің химия және биология пәндерінің мұғалімі Г.Жалғасова, №4 мектеп-интернаттың кадет сыныбының тәрбиешісі Б.Бекмағанбетов, №97 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Г.Қантарбаева, №1 балалар музыка мектебінің флейта пәнінің мұғалімі О.Цай Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ұстаздарға құрмет көрсетіліп, жыл бойғы озық жетістіктері үшін №38 және №39 гимназияға, №32, №76, №77 орта мектептерге «EXPO – 2017» Халықаралық көрмесіне қатысу сертификаттары (50 билет) табыс етілді.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ЖМҚ» желісіндегі 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында пәтер кілтін табыстау салтанаты ұйымдастырылды. Пәтер кілті қалалық №16 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Г.Кузанбаеваға, №82 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д.Мұсахановқа берілді. Мәжілістің қорытынды бөлімінде жаңа оқу жылының маңызды міндеттері анықталды.

Аяулым СОВЕТ,

«Орталық Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button