Жаңалықтар

Өзекті мәселелер – басты назарда

Аймақ басшысы Ерлан Қошанов тұрғын үй ғимараттарының жертөлелерінен дербес жылыту жүйелерін сыртқа шығаруды белгіленген кестеге сай орындамағаны үшін Шет ауданының әкімі Марат Жандәулетовтің жазалануын талап етті. Өйткені, Шахандағы қайғылы жағдай қайталанбас үшін жылыту маусымы аяқталғаннан кейін аталған жылыту жүйелерін сыртқа шығару көзделген болатын. Ал, Шет ауданында қазандықтарды ауыстыру әлі күнге дейін басталмаған. Себебі, жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың қарастыруына жіберілген көрінеді.

Еске сала кетейік, Шахандағы төтенше жағдайдан кейін Үкімет басшысының тапсырмасымен аймақтағы жекеменшік жылу жүйелері түгелдей тексерілген. Нәтижесінде, 700-ге жуық автоматтандырылған жылыту жүйесінің 20 пайызы әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлерде орналасқаны анықталды. Шаханнан бөлек, Саран қаласы мен Ақтау, Ақадыр кенттерінде мектептер мен ауруханалар, мәдениет үйлері мен ауыл әкімдіктері осындай қазандықтармен жылытылатындығы белгілі болды. Арнайы комиссия жылу жүйелерін түгелдей тексеріп шыққан. Көпқабатты үйдің жертөлесіндегі қазандықтарды сыртқа шығарып орнату биылғы жылыту маусымына дейін аяқталуы тиіс-ті. Бірақ, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жасалып отырған шаралар дер уақытында жүзеге аспай отырғандығы туралы облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Алмаз Сүлейменов тоқталды.

– Қазір барлық аудандарда қазандықтарды күзгі-қысқы уақытқа дайындап жатырмыз. Белгіленген мерзімнен Шет ауданы қалыс қалып тұр. Бұл аудандағы 11 қазандықты шығару қажет, жұмыстар 191 миллион теңгеге бағаланып отыр. Сонымен қатар, Саран қаласында да бір дербес жылыту жүйесін ауыстыру қажет, қазір жалпы сомасы 2 миллион теңгені құрайтын байқаулық процедуралар жүріп жатыр, – деді Алмаз Сүлейменов.

Аталмыш жұмыстардың жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа Шет ауданында қазандықтарды ауыстыру мерзімінде басталмағандығына қаржыландыру сомасының қомақты болуы үлкен кедергі жасағандығын айтты.

– Сома – ол екінші қатардағы мәселе! Жобалық-сметалық құжаттар әлі дайын емес екенін ескерсек, осы жылы жұмыстарды қалай бітірмекшісіздер? Бекітілген кестеге сай орындамай жатырсыздар! Аудан бойынша жаза қолдану туралы ұсынысты шығарыңыздар. Сізге де, Анатолий Валериевич, ескерту айтамын, – деді олқылықты сынға алған облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, облыс әкімі Саран қаласындағы дербес жылыту жүйесін де тілге тиек етті. Мұндағы қазандық жылыту маусымы басталғанға дейін ауыстырлатындығы айтылды

Бұдан бөлек, күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Оның ішінде аймағымыздағы экологиялық жағдай талқыланды. Облыс басшысына Ақтоғай ауданындағы «Дарьял-У» мекемесі, Теміртаудағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «ТЭМК» АҚ нысандарындағы жағдай туралы есеп берілді.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша осы жылдың басында Теміртаудағы экологиялық жағдайды жақсартудың кешенді жоспары құрылған болатын. Атап айтқанда, биылғы жылға 52 шара жоспарланған. Іс-шаралар қалай жүзеге асып жатқандығы туралы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Руслан Түлепбаев мәлімдеме жасады.

– Қазіргі уақытта 6 шара жүзеге асырылды. Алдағы күнде 21- ін орындау жоспарда тұр. Бұдан кейінгі атқарылатын 25 шара 2018- ші жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған. Өндірістік өнеркәсіптерге 22 шара міндеттелген. Кешенді жоспарды жүзеге асыру үнемі бақылауда, ай сайын мониторинг жүргізіп отырамыз, – деді басқарма басшысы.

Кәсіпорындар өз өндіріс ошақтарынан шығарылатын зиянды қалдықтарды төмендету үшін технологияларын жандандырып, сонымен қоса, ағаштар отырғызып жатқандығын сөз етті.

Руслан Түлепбаев баяндамасында Нұра өзенін сынап тұнбаларынан тазарту бойынша, бағдарламаға да егжей-тегжейлі тоқталып кетті. Көпқұрамды инвестициялық жоба аймағымызда 2004-ші жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт аралығында «Карбид» зауытының аумағы, Нұра өзені мен Жауыр батпағының 4,6 шақырым түбі тазартылды, қалдықтарды көметін полигон салынды. Бұған қоса, құрылысы аяқталмаған Ынтымақ су торабы қайта қалпына келтіріліп, Ақтөбе ауылы маңындағы қорғау бөгетінің және Ынтымақ су қоймасындағы шағын гидроэлектр станциясының құрылысы аяқталғандығын атады.

Дегенмен, «ТЭМК» АҚ зарарлы коллекторы бұрыңғыдай проблемалы болып қалып отыр. Бұл мәселені шешу үшін 2017 жылы кәсіпорын есебінен өндірістің ақпа суын тазарту және зиянды заттарды ұстайтын сүзгі құрылғысының жобалық-сметалық құжаты жасалған. Жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджетке 2019-2020 жылдарға өтініш жіберілген.

Қоршаған ортаға байланысты пікірін білдірген Ерлан Қошанов халықты экологияға немқұрайлы қарамауға баулып, кәсіпорындардағы сүзгілер қатарын көбейтіп, одан әрі дамытуды жолға қою керектігін айтты.

Сонымен қатар, экология мәселелерін үнемі бақылауда ұстап отыруды және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған кешенді жоспарда қарастырылған шаралардың уақытында өткізіліп отыруын қадағалауды тапсырды.

Осы күні өңірдің ветеринариялық саласында жүйелі жұмыстардың атқарылып жатқандығы баяндалды. Аймағамыздың бас ветеринары Қайырбек Тұрсынбеков эпизоотиялық ахуалдың тұрақты екенін, төрт түліктен төнер ешбір қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Қайырбек Тұрсынбековтің айтуынша, «Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы мен профилактикасы бойынша 2018 жылға арналған ветеринаҚарағандылықтар Болгарияда өткен «Несебър без границ» IV-ші Халықаралық фестивалінен олжалы оралды. Қазақстан 2015 жылғы 13 желтоқсандағы БҰҰ Бас ассамблеясының Жалпы отырысында қабылданған, мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Бұл мүгедектердің құқықтық қорғау дәрежесін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, толыққанды қатысу мен келісімді, қолжетімділікті, теңдікті бейнелейтін мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен тұрақты ұлттық жүйені қамтамасыз етеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың таланттары шектелмеген. Мұны ҚаЖағымды жаңалық рағанды қаласынан IV-ші Халықаралық фестивальге қатысқан ерекше қажеттілігі бар 16 қарағандылық дәлелдеді. Оларға Қарағанды қаласы әкімдігі мен депутаттық корпус қаржылай демеушілік жасаған. Осы мақсатта «Үміт сәулесі» ҚБ «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүмкіндігі шектеулі адамдарды белсенді өмір мен социумға шығармашылық ісі арқылы тарту жобасын жүзеге асырады. Жерлестеріміз тек, Қарағанды қаласы емес, бүкіл Қазақстан атынан өнер көрсетті. Сонымен, «Эстрадалық вокал. Соло» номинациясы бойынша 3 орын Біржан Абжановқа бұйырды. «Мүгедек арбада би. Соло» номинациясында Айгүл Балмағамбетова (1-орын), Зухра Утарова (2- орын) топ жарды. «Хореография» номинациясында «Үміт сәулесі» ҚБ SMAIL би ұжымы 1 орынды жеңіп алды. «Ымдау әні. Соло» номинациясы бойынша Вадим Григорьев (1-орын), Ернұр Сәмен (2-орын) жеңіске жетті. «Ымдап ән айту. Ансамбль» номинациясы бойынша 1 орынға «Стиль» ымдау әні ұжымы қол жеткізді. Д.Кравченко мен Е.Чернякқа Алғыс хаттар ұсынылған. Фестиваль қатысушыларының айтуынша, Болгариядағы екі күн әп сәтте-ақ өте шыққан. Бірақ, бұл күндер олардың жүрегіне жылу мен адамгершіліктің бейнесін ұялатқан. Бар адамның өз әлеуетін және оның дамуын растауға мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл мереке тек қана мүмкіндігі шектеулі азаматтарды біріктіріп қана қоймай, олардың таланттары мен құлшыныстарын көрсетті. Кеше «Сарыарқа» Халықаралық әуежайында «Несебър без границ» фестивалінің жеңімпаздарын әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері, достары мен туыстары, БАҚ өкілдері салтанатты түрде қарсы алды. Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі. риялық іс-шаралардың жоспарына» сәйкес, облыста төрт түлік арасындағы індетті аурулардың 12 түріне қарсы қажетті вакциналар жеткізіліп, егу шаралары жүргізілген. Аурудың алдын алу бойынша 930,9 млн. теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде. Баяндамашының мәліметіне сенсек, ірі қараның бруцеллез ауруына шалдығу деңгейі өлкемізде өткен кезеңдермен салыстырғанда сәл төмендеген. Дегенмен, мал сою алаңдарының барлық аудан, қалаларда толықтай қарастырылмауы, оқшаулау орындарын салу жұмыстары кезек күттірмейтін мәселе екендігі айтылды. Ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес жұмыстар да баршылық. Осыны ескерген облыс басшысы ветеринарлық препараттардың жедел жеткізілуін қамтамасыз ету және мал өсіруді кәсіп еткен шаруалар ветеринарлық дәрігерлермен қоян-қолтық жұмыс істеулері керектігін тапсырды.

Сондай-ақ, осы күні су шаруашылығы нысандарын облыстық коммуналдық меншікке өткізіп беру барысы және қауіпсіздігі мәселесі қарастырылды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Түлепбаев су шаруашылығының бірсыпыра нысандары бойынша куәландыру құжаттары әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда 262 гидротехникалық құрылыс бақылауға алынған. Жалпы, облыста 203 су нысаны, оның ішінде, республикалық меншікте – 33, жекеменшікте – 17, облыстық коммуналдық меншікте – 36, 1-і қалалық меншікте, 166-сы аудандық коммуналдық меншікте тұр. Бүгінде аудандық әкімдік облыстық коммуналдық меншікке өткізіп беруге жұмыс жасап жатқан көрінеді. Бір ғана Нұра ауданында 28 су нысаны бар екен. Оның екеуіне жөндеу жұмыстары жүргізілмесе, аймаққа қауіп төндіретіндігі айтылды.

Облыстағы су қоймалары мен су бөгеттеріне, бассейндердің жағдайына да жеке-жеке тоқталып өткен Ерлан Қошанов иесіз су шаруашылығы нысандары – ең қауіпті нысандар қатарына жататындығын ескертті. Сондай-ақ, облыс әкімі құзырлы органдарға нысандарды облыстық коммуналдық меншікке өткізуді бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берді.

Нұрдос Кәрім,

“Орталық Қазақстан”

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button