Жаңалықтар

Үздіктер бақ сынауда

Кеше кеншілер шаһарында жалпы білім беретін 15 пән бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Олимпиадаға аудандық, қалалық кезеңдерден өткен  9-11 сыныптар аралығындағы 555 оқушы қатысуда. Сайыста жаратылыстану-математика бағыты «Мұрагер» мамандандырылған мектеп интернатында ұйымдастырылса, гуманитарлық бағыттағы пән­­дер арасындағы сайыс Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп ин­тернатында өтуде. Химия мен физика пәндері бойынша олимпиаданың практикалық кезеңі Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де өтеді.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Қазылар алқасының құрамында Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды медициналық университеті мен ҚарМТУ-дың ғылым докторлары, доцент, кандидаттары бар.

Жалпы, облыс құрамасы 10 жыл бойы «Ең үздік олимпиада командасы» атағына ие болып келді. Биылғы оқу озат­тарына артылар үміт зор.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button