Үздіктер қатарында
Білім мен біліктілік бәйгеге түскен XIV Халықаралық халықаралық Жәутіков атындағы халықаралық олимпиадада №1 «Білім-инновация» мектеп-интернатының оқушылары үздіктер қатарынан көрінді.
Таяуда Алматы қаласында республиканың физика-математика мектептері базасында математика, физика және информатика пәндерінен XIV халықаралық Жәутіков атындағы олимпиада өткен болатын. Бұл бірегей олимпиада халықаралық мамандандырылған мектептер командаларының жеке рейтингісін анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Облыстың намысын қорғаған команда мүшелері, №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушылары Рүстем Хамзе (жетекшісі – Аманер Ахмет) математикадан өткен сайыста қола медаль жеңіп алса, Сұлтанмахмұт Есенкелдиев (жетекшісі – Жагсалаг Ахын) физика пәнінен қатысушы сертификатын иеленді.
Ал, оқушыларды сайысқа дайындаған №1 «Білім-инновация» мектеп-интернатының оқытушысы, облыс құрамасының жетекшісі Жагсалаг Ахын – математика, физика, информатика тренерлері мен мұғалімдері арасындағы олимпиадаға қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
Аяулым СОВЕТ



