Үздіктер анықталды

            Қарағандыда он бес пән бойынша республикалық мектеп оқушылары олимпиадасының облыстық кезеңі тәмамдалды.

Зияткерлік сайысты Қарағанды облысының білім басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырды.

Биылғы жылы олимпиаданың облыстық кезеңіне 9-11 сыныптардың 555 оқушысы қатысты. Олардың білімін облыстың алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының ғылым докторлары, доценттер мен ғылым кандидаттары саралады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталды. І орын алған оқушылар аймағымыздың намысын республикалық кезеңде қорғайтын болады.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысының командасы он жыл қатарынан «Үздік олимпиадалық команда» атағын иеленіп келеді.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.