Жаңалықтар

Үздік әскери атқыштар марапатталды

Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік дайындық басқармасының жоспарына сай 26 сәуірде Қарабас кентінде жауынгерлік қарудан ату бойынша біріншілігі өткізілген болатын. Жарысқа өңірлік қолбасшылықтың 42 әскери қызметшісі қатысып барынша дайындықтарын көрсете білді.

Суреттер автордан

Әскерилер Макаров тапаншасын, Калашников қаруын (АК-1) автоматын атып, мергендігін сынады.  Жарыстың қорытындылай келе Макаров тапаншасынан ату бойынша әйел әскери қызметшілері арасынан І орынды – сержант Светлана Головка, ІІ орынды – подполковник Ольга Мельникова, ІІІ орынды ефрейтор Мақпал Амирханова иеленді.

Ерлер арасында өткен сайыста І орынды – 6505 әскери бөлімінің командирі полковник Мақсат Қырғызбаев, ІІ орынды – подполковник Владимир Козинец, майор Ерлан Туребеков – ІІІ орынды қанжығалады.

Калашников  (АК-74) қарауынан ату бойынша әйел әскери қызметшілері арасынан сержант Светлана Головко топ жарды. ІІ орынды – фрейтор Мақпал Амирханова, жүлделі ІІІ орынды –  ефрейтор Дильназ Саттарова еншіледі.

Ер азаматтар арасынан І орынды подполковник Владимир Козинец, ІІ орынды – майор Ерлан Туребеков, ІІІ орынды – майор Бахтиёр Алменов жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздарын құрметтің грамота мен медальдармен «Орталық» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы полковник Бақдәулет Оспанбеков марапаттады.

Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button