Жаңалықтар

Зауыт іске қосылады

   Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында қоқыс өңдеу зауытының құрылысы бойынша жоба жүзеге асырылуда. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіпорынды 2018 жылдың күзінде іске қосу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Бұқар жырау ауданының әкімі Шагурашид Мамалиновтің 2017 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және биылғы даму бағыттары қамтылған есебінде айтылды.

«Қалдықсыз өндіріс құрылатын алғашқы қоқыс өңдеу зауытының жобасын жүзеге асыруға дайындап жатырмыз. Көкпекті ауылында «ЖанАру» ЖШС-не қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттың құрылысы үшін 4 га көлемінде жер телімі бөлінді. Қуаттылығы айына 8 мың тонна өнімділігі бар зауыт 2018 жылдың қарашасында іске қосылады деп жоспарлануда» делінген есепте. Есептің толық нұсқасы аудан әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған.

Билік басындағылардың мәліметінше, ауданда жыл сайын 100 мың тоннаға дейін қатты тұрмыстық қалдықтар қалыптасады екен. Бұл қоқыстар өнім өндірісі үшін шикізат ретінде пайдаланылады.

Зауыт іске қосылған соң қоқысты сығымдауыш орнатылатын болады. Ауылдық жерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және іріктеу бойынша бекеттер ашу жоспарланып отыр.

«2017 жылдың желтоқсанында аудандық мәслихат сессиясында аудан аумағында коммуналдық қалдықтардың жиналуының қалыптасу нормалары мен тарифтері бекітілген, қатты тұрмыстық қалдықтарды Ботақара, Қушоқы кенттерінде және Новоузенка, Доскей, Көкпекті ауылдарында жинау, шығару және көму тарифтері есептелді», – деп мәлімделуде.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 

Сурет интернеттен алынды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button