Ресми

Заңсыз құрылыстың зардабы көп

Жыл басында облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жосықсыз құрылыс салушылардың тізімін жариялаған болатын. «Қара» тізімге іліккендердің қатарында қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан 11 тұрғын үй кешені болды. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, заңға қайшы әрекеттер әлі де болса бар. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аталған басқарманың есебін тыңдап, заңсыз құрылыстар жайлы пікірін білдірді.

Сурет Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан

Біз жүргізіп жатқан жұмыстарға қарамастан, заңға қайшы жағдайлар әлі де бар. Тиісті құжаттарсыз құрылыс мәселесі тек тұрғын үйлер мен бизнес нысандарына ғана емес, сонымен қатар, шаруа қожалықтарының шаруашылық құрылыстарына да қатысты. Көбінесе құрылыс нормалары ғана емес, жер заңнамасы да бұзылады. Біз жер учаскелерін мақсатсыз пайдалану, бөтен аумақтарды басып алу және құрылыс ережелерін бұзу фактілерін көріп отырмыз, – деді Ермағанбет Қабдулаұлы.

Бұл ретте заңға қайшы тұстар анықталған кезде шаруа қожалықтарының басшылары сәулет-құрылыс бақылау басқармасы салатын үлкен айыппұлдарға шағымдана бастайды, оларға бизнесті дамытуға тыйым салынады. Одан бөлек, кейіннен бірқатар мәселелерге тап болатынын да айту керек. «Мұндай нысандарды кепіл ретінде пайдалану, субсидия алу немесе заңды түрде пайдаға беру мүмкін емес. Салдарынан бұл бизнестің дамуын тежейді және үлкен айыппұлдарға алып келуі мүмкін» екенін айтады аймақ басшысы.

Жыл бойы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы әкімшілік айыппұлдар мен техникалық тексерулер арқылы Шет, Ақтоғай және Қарқаралы аудандарының ауыл шаруашылығы мақсатындағы төрт нысанды, атап айтқанда, Қарқаралы, Ақтоғай аудандарында, Қарағанды, Балқаш қалаларында 38 дүкен мен дәмхана, одан бөлек, Приозерск, Балқаш, Қарағанды қалаларында және Ақтоғай ауданында алты демалыс аймағы мен монша пайдалануға берілгенін анықтады.

– Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын құрылыс салушылардың тиісті құжаттарын мұқият тексеріп алу қажеттігін еске саламын. Сіздердің үй салуға қажетті құжаттарды талап етуге құқықтарыңыз бар. Сондай-ақ, нысанды сәулет-құрылыс бақылау басқармасының сайты арқылы тексеруге болады. Мұнда тиісті ақпараттар жаңартылып отырады. Жаңа құрылыс кодексінің енгізілуімен құрылыстың барлық кезеңдерін мемлекет тарапынан бақылау күшейтілетінін еске салғым келеді. Сондықтан, барлық құрылыс салушылардан заңнаманың талаптарын қатаң сақтауды және рұқсат беру құжаттарының толық пакетінсіз құрылысқа кіріспеуді сұраймын, – деді Ермағанбет Қабдулаұлы.

Сондай-ақ, аймақ басшысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен әкімдіктердің рөлі – бизнесті жазалау емес, керісінше, құқықтық сала бойынша көмектесу екенін де атап өтті облыс әкімі.
«Осы арқылы ғана бизнес өркениетті құрылыс нарығын дамытып, сатып алушылардың сенімін арттыра алады», – деді ол.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button