ЗАҢГЕРЛІК ТЕГІН КЕҢЕС

Әр адамның өмірінде заңгерлік көмекке жүгінуге тура келетін сәттер болуы әбден мүмкін. Бірақ, заңгер мен қорғаушының қызметін алу үшін едәуір қаражат керек болатыны да баршаға аян. Халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қоспағанда, күнкөрісі орташа дегендердің өзі кейде осындай қызметке жүгіне алмай жатады.

«Mediator kz» заңгерлік компаниясы 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап 2018 жылдың 6 маусымына дейін Қазақстан Репсубликасының қалаларында құқық мәселелері бойынша «Тегін заңгерлік кеңестер, құқықтық сауаттылық» акциясын өткізеді.

Заңгерлік компания мамандары құқық мәселелері бойынша тегін кеңес беруге әзір. Тегін заңгерлік көмек алуға жазылу 8 702 701 44 29, 8 776 702 89 89, 8 775 826 48 66 телефондары арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, өзіңізді мазалаған мәселе болса, компанияның www.ps2014.kz сайтына хабарлама қалдырыңыз.

«Mediator kz» заңгерлік компаниясы қорғаушылармен, заңгерлік ұйымдармен, нотариустармен, аудармашылармен, сарапшылармен, бухгалтерлермен және өзге де мамандармен әріптестік орнатқан.

 

Қарағанды қаласы

әкімінің баспасөз қызметі.

13 thoughts on “ЗАҢГЕРЛІК ТЕГІН КЕҢЕС

  1. Саламатсызба! мен танысыма несие алып берген болатынмын ешқандай кепілдемесіз қолына ақшаны бердім қазіргі кезде төлемей қашып жүр заң тұрғысында не істей аламын? Көмектесіңізші осы сұрақ бойынша!!!

  2. Мен коллежде информатика мұғалімі болып киргем, қазирги танда биыл мандық жабылды, мен бир жыл без содержание отпускеде болдым енди увольнениеге жиберип жатыр, бирақ меним негизги мамандығым физика физикадан сағат бар и электрик деген мандық та бар соган шығуыма мүмкіндігім бар ма

  3. Салеметсізбе маған дансаулық саласында құқық қорқау қажет болып тұр. Менің аяғым ауырғанына 2 жыл 3 ай болды жергілікті трматолог дұрыс диагноз қоимаи кезінде тиісті жерлерге жолдама бермеи. Болницаға жатуды сұрансам қазир дарі жоқ қала қабылдмаит жатқармаит деп. Жақындатпай уиімде 1 жыл боиы жаттым . Осы жылы мартта. Айқай шығарып барғаның кушімен астанаға жолдама берді. Астана ағың суиегі желініп кеткен кеспесек болмаиды деді қазир 2 сант суиек кесіп тастады аяғым бугілмеитін болып қалды. Сол ұшын өз жұмысынна немқұрайды қарағаны ұшын жане менің денсаулығама саутсыздықпен немқұрайдылықпен қарағаны ұшын заң алдында жауап берсе немес жұмыс орнын босатса басқада адамдарға зақым келтірмесе екен дегенмін. Маған көмек керек өтініш.

  4. Саламатсызба менің анам мектепте стейді. Осы айда больничныйға шықты. Келесі айда зейнетке шығатын еді, зейнетақысына больничный əсер етеді ме яғни зейнетақысы аз шығуы мүмкінбе?

  5. 2 күн жұмыстан белгісіз себептермен қалғанға жұмыстан шағарама, әлде жұмыстан шығармай ескерту беруге болама?

  6. мектепте аудит қортындысымен коллективті профком жиналысына талқылау сот шешімі шықпай тұрып осы заңдыма

  7. Мені медицина саласында жұмыс жасаймын. Жана бастық ауысқалы менің қыр соңымнан қалмайды. Жане сені жұмыстан шығарамын деп қорқытады. Ауылдағы коп адамдарға да ұнамайды. Мен не істесем болады. Көмер беріңіздерші

  8. Сәлеметсіздер ме! Білімім жоғары, география пәні бойынша бакалаврды және осы пән бойынша магистратура тәмамдап, география пәні бойынша магистр академиялық дәрежем бар. Бірақ, тұрғылықты жерімде мектепте басқа штат болмағандықтан мектепке дейінгі даярлық бойынша курстардан өтіп, даярлық сыныпта тәрбиешімін, сабақ беремін. ҚР Педагог мәртебесі туралы Заңының 8-ші бабы 5-ші тармағына сәйкес маған Мемлекеттік орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметімді жүзеге асырған үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы белгілене ме?

  9. Сәлеметсізбе. Менің есімім Назира маған заңдық тұрғыда көмек қажет. Qnet атаулы компания сына жақсы арласатын кезіндегі құрбыма кредит алып берген мин, сол қыздың өтініші бойынша өзім төлеймін деген соң, енді 1жарым жыл уақыт өтті әлі де төлемейді. Қандай жолмен кредитті жаптыртсам болады?

  10. Сәлеметсіз бе. Менің сіңілім сотқа жолдасымен ажырасуға құжат тапсырған. Жолдасы ішеді екі перзенттері бар.Үй жәйі жоқ. Сіңілім жуас. Екі рет онлайн соты болған. 3-сі енді октябрде депті. Жолдасы жұмыс жасамайды. Тек частныда. Сол сотты тез ажырату үшін не істесе болады. Өтініш.

  11. Ассалаумугаликум, Келіншегімнің әкесі қайтыс болды. Сол әкесінің пенсионный кызына тиесилиме, Олар 7 агайынды. Онын ишинде 2 бала отказной согып тур мама сына. Ал 5 еуи сокпады. Сонда ол 5 ке болинеме ме алде сол 7 ге болинеме?

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.