Ресми

Заңгер көмегі – тиімділік тетігі

Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласында 2019 жылдың басынан 561 нормативтік-құқықтық акті келіп түскен. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға төмен. Келіп түскен НҚА санының төмендеуін қолданыстағы заңнанамаға сәйкес келтіруді қажет ететіндер қатарының қысқаруымен байланыстырғанда шамамен – 38%. Осы және басқа да маңызды мәселелер Қарағанды облысы Әділет департаменті өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Суретті түсірген автор

Жиын барысында департаменттің құрылымдық бөлімше басшылары 2019 жылы атқарған жұмыстарының нәтижесіне тоқталып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Динара Әшімованың айтуынша, 2018 жылы 5 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына сәйкес, 15 адамға заң көмегі көрсетілген.

  • Заң көмегі үш түрлі жолмен көрсетіледі. Өтеулі негізде көрсетілетін заң көмегінде тұтынушы келісім-шарт арқылы қызмет ақысын төлейді. Мемлекетпен кепілдік берілген заң көмегі бойынша тұтынушыға көрсетілген көмектің ақысын мемлекет өтейді. Кешенді әлеуметтік заң көмегінде тұтынушыға тегін көмек көрсетіледі. Азаматтар толық мәліметті облыстық Әділет департаментінің сайтынан ала алады, – деді Динара Әшімова.

Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімі мамандарының айтуынша, 2019 жылы алдын ала келісуге келіп түскен 1642 жобаның 862-сі келісіліп, 473 жоба пысықтауға кері қайтарылған. Қабылдау құзыретінің болмауына байланысты 7 жобаны келісуден бас тартылса, 23 жоба қарауда болған.

Өткен жылы Әділет департаменті зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектілерге 9 тексеру жүргізген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда тең жағдайдағы көлемде екенін көрсетеді. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 158-бабы бойынша 8 әкімшілік іс қозғалып, аталған тұлғалар сот шешіміне сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 158-бабына сәйкес, айыппұл салынып, 366 125 теңге мемлекет кірісіне өндірілді. Заңсыз айналымнан 146 498 теңге сомасындағы контрафактілі өнімнің 82 данасы тәркіленді. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша «Бахус», «Калгон», «Зерно», «StarLine», «Dior» тауарлық белгілер иесінің құқықтары қорғалған.

Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру саласына тоқталсақ, былтыр нотариустердің жалпы саны 337-ні құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 нотариуске азайған. Аумақтық әділет органдары өткізген аттестацияның қорытындысы бойынша 10 үміткер аттестаттаудан өтіп (2018 ж. – 10), лицензия берілді (лицензияны беру ҚР ӘМ құзыретіне жатады). Нотариустердің нотариаттық іс-әрекеттерінің заңдылығын және іс-жүргізудің ережелерін сақтау бойынша 23 (2018 ж. – 10) жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша 2 (2018 ж. – 5) жеке нотариустің лицензияларының күші жойылған.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button