Бас тақырыпМедицина

Қызылша ырық бермей тұр

Жыл басынан бері қызылшаның зертхана растаған 781 жағдайы тіркелгенін мәлімдейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары. Олардың айтуынша, Қарағанды, Балқаш, Шахтинск, Ақтоғай және Қарқаралы, Нұра аудандарының тұрғындары арасында ауырғандар көбірек тіркелген. Аталған өңірлерде қызылшамен сырқаттану деңгейі облыстық көрсеткіштерден жоғары.

Сурет: themirror.com сайтынан

Аурудың жас құрылымында 14 жасқа дейінгі балалар басым, 64%. Ауру көбінесе екпе алмаған адамдар арасында тіркелуде. Олардың үлес салмағы – 85%.

Дерек бойынша облыста қосымша жаппай иммундау шеңберінде 59 736 адам қызылшаға қарсы екпе алды. Екпе алғандардың көпшілігі 2-4 жас аралығындағы балалар. Олардың саны – 35 785. Сондай-ақ, 6-11 ай аралығындағы 4 727 бала бар. Толықтыра иммундау шеңберінде бұрын жоспарлы вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі 14 700 адам егілді.

Облыста коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Ағымдағы жылдың 23 ақпанына сәйкес КВИ-нің 56 жағдайы анықталды. Қаңтарда – 19 жағдай тіркелсе, осы айда ауырғандар саны өскен. Бүгінгі таңда 37 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Департамент мамандары көпшілік жерде маска тағуға, науқас адаммен байланыста болмауға, гигиеналық талаптарды сақтауға кеңес береді. Облыс көлемінде қызылшаға да, коронавирусқа да қарсы вакцинация жүргізіліп жатқанын еске салады.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button