Бас тақырып

Қызылша дерті өршіп тұр

Өңірде шілде айынан бастап қызылшамен сырқаттанғандар қатары күрт өскен. 5-желтоқсандағы жағдай бойынша аймақта 511 адамнан қызылша ауруы анықталған. Оның жартсынан көбі, яғни, 71%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Сурет: Ашық дереккөз

– Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациямен қамтудағы олқылықтарға байланысты сырқаттанушылық облыстың барлық аумағында тіркелуде. бұл ретте Қарағанды (70%) және Балқаш (13%) қалаларында ауруды жұқтырғандардың айтарлықтай үлес салмағы байқалады. Облыстағы қызылшаның эпидемиялық ерекшелігі қызылшаға қарсы вакцинацияланбаған тұрғындар арасында инфекцияның таралуы тіркелді. Әсіресе, балалар көп жұқтырған, – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

Мәліметтерге сүйенсек, өңірде мектепке дейінгі балалар ұйымында қызылшаның 103 жағдайы тіркелген. Ал, 65 жалпы білім беретін мектептегі 124 оқушыдан қызылша ауруы анықталған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button