Спорт

Қыздар рекорд орнатты

Бокстан Дубайдағы Азия чемпионатында ел намысын қорғаған қыздар 8 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленіп, командалық есепте көш бастады. Алтын таққан арулардың ішінде 64 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Милана САФРОНОВА да бар. 

Жерлесіміз финалда үнді Лалбуатсаихиді ұтып, Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Валентина Хальзова (69 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) қанжығасына алтын бөктерді. 57 келіде қолғап түйістірген Владислава Кухта ақтық сында ұтылып, күміс жүлдегер атанды. Ал, 75 келіде бақ сынаған Марина Вольнова құрлық додасының қола медалін тақты. 

Басқа материалдар

Back to top button