Бас тақырып

Қыз Жібек – Қарағандыда

Қазақтың Қыз Жібегі, Қазақ КСР еңбек сіңірген актрисасы, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Меруерт Өтекешова Қарағандыда. Екі күн бойы қарағандылықтармен шығармашылық кештерін өткізді. Сонымен қатар, түсірілгеніне 55 жыл толған «Қыз жібек» фильмі мен басты рөлде ойнаған Меруерт Өтекешова туралы түсірілген деректі фильм көрсетілді.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі Меруерт Өтекешова Қарағандыдағы Қазақ киносының күндері аясында Қазақстан Республикасы Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттарымен, Қарағанды құрылыс-техника колледжінің студенттерімен кездесуде болып, ұлттық құндылықтар мен өнер турасында жастардың түрлі сұрақтарына жауап берді.

«Сарыжайлау» кинотеатрында «Қыз Жібек»: рецепт любви и успеха» атты деректі фильм көрсетілді.

Ерік НАРЫН, 

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button