Жаңалықтар

Қырағылық – қауіпсіздік кепілі

    Қарағанды облысында Жол-көлік апаты құрбандарын еске алу күніне орай қара шие аллеясы отырғызылды. Ең кішкентай жүргізушілер автораллиі өткізіліп, автошеру ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жүргізушілерге жол ережелерін бұзудың қайғылы салдары көрсетілді.

Өткен жексенбі күні Балқаш қалалық саябағында қара шие аллеясы ашылды. Балқаш ІІБ Жергілікті полиция қызметінің мамандары он түп ағаш отырғызды.

Қала жолдарында биылғы жылы жол көлік апаттарынан үш адам көз жұмған. Тәртіп сақшылары бұл аллея жолдағы қауіпсіздік ең маңызды мәселе екенін еске түсіріп тұратын нысан болатынына сенімді.

Теміртау қаласында жол-көлік апатынан қаза болғандарды еске алуға арналған автошеру өтті. Колоннада жол оқиғаларының салдарын жоюға қатысушы қызметтердің автокөліктері жүріп өтті. Шеруге қатысушылардың арасында жол-көлік апатынан зардап шеккен автокөлікті тасымалдаған эвакуатор болды. Осылайша, полицейлер қала тұрғындарына жол ережелерін сақтамау салдарынан әртүрлі жайтқа ұшырауға болатынын ескертті.

– Мен тағы бір мәрте жол апатының құрбандарын еске алуды ұсынамын, – деді Теміртау ІІБ жол-патрульдік полициясы батальоны командирінің орынбасары Алексей Иванов. – Автокөлік апатында жақындарын жоғалтқан адамдарға көңіл айтуды, сондай оқиғаларда зардап шегіп, өз қайғысымен жалғыз қалып қойған адамдарға қолұшын созуды, сонымен қатар, біз жол-көлік апатынан қаза болғандарды еске алып, олардың туғандарына көңіл айтып қана қоймай, ең бастысы – адам өмірін сақтау екенін ұмытпауымыз қажет. Иә, болған жайтты түзеу мүмкін емес. Алайда, жол апатынан қаза болғандарды есте сақтай отыра, барлығымыз тағы сондай оқиғаның алдын алуға қауқарлы екенімізді ұмытпауымыз керек.

Акция Саран қаласында да өтті. Жас техниктер станциясында картингшілердің жарысы өтті. Бастапқыда балаларға жол жүру ережелері туралы айтылып, жол жүрісін реттеушінің сигналдары көрсетілді.

Қарағандыда жексенбі күні «Тәуелсіздік» стелласының маңында «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері және Жергілікті полиция қызметінің сарбаздары үміт және сенім символы ретінде аспанға ақ көгершіндер ұшырып, жол апатының құрбандарын еске алып, ақ шарлар жіберді.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 576 жол-көлік оқиғалары орын алған. Онда 120 адам көз жұмып, 773 адам жарақат алды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button