Спорт

Қырғызстаннан олжамен оралды

Қырғызстан астанасы Бішкекте сурдотхэквондодан өткен әлем чемпионатынан қарағандылық спортшылар бір алтын, үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Суреттер: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Аталған чемпионатқа 20 елден 195 спортшы қатысқан. Қазақстан құрама сапынан 22 спортшы бақ сынап, жүлделі орындардан көрінді. Байрақты бәсекеде өнер көрсеткен спортшыларды Қазақстан сурдотхэквондо федерациясының президенті Руслан Ищанов жаттықтырады.

57 келіде өнер көрсеткен қарағандылық Айжамал Әбдікатова қарсылас шақ келтірмей І орын иеленді. Ал, 58 келіде сынға түскен Аян Әбдіраш пен 62 келідегі Әсем Баймахан, 63 келіде Аңсар Орлов жүлделі ІІ орыннан көрінді.

Ал, 68 келіде сынға түскен Нұрдәулет Жақып пен +87 келіде Виктор Фрундин жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button