Қазақстан халқының бірлігі күніПікірлер

Ынтымақ ырысты еселейді

Әрбір елдің өзіндік тарихы бар. Біз егеменді Қазақстанның қалыптасу кезеңінде Тұңғыш Президентімізді қарсы алдық. Ол халықты бейбітшілік пен мейірімділікке жетеледі. Әрине, қалыптасу кезеңі оңай болған жоқ.

Ол жетістіктерімен ғана емес, сонымен қатар қиындықтарымен де өлшенді. Біз барлық қиындықтарды жеңдік. Бұған ақыл, ой тазалығы, рух күші және ұлы идеялар ықпал етті.

 Сонымен қатар, болашаққа деген сенім мықты болды. Себебі, адамға мақсатқа жету үшін қажетті барлық құндылықтардың арасында сенімнің жүгі ауыр. Біз өз Президентімізге сендік. Және бұл сенім бізбен мәңгі қалады.

 Посткеңестік кеңістіктің басым бөлігінде, елдер экономикалық дағдарыс толқынын өткерген кезде босқындар пана іздеді. Сол уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясы өз қызметін бастады. Президент бейбітшілік пен келісім елге әрі қарай жылжуға мүмкіндік беретінін айтты. Қазақ халқының айналасына бірігуге шақырды. Біз ортақ шаңырақ астында бір отбасы болдық. Ұлттық тарихты, мәдениет пен салт-дәстүрді зерделей отырып, әрбір ұлтты теңдей құрметтеуді үйрендік.

 Бірлік күні қарсаңында барлық жерлестерімді шын жүректен мерекемен құттықтаймын! Бұл мереке біздің көпұлтты халқымыз үшін бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері, ең алдымен, біздің жетістіктеріміздің басты игілігі мен берік іргетасы болып табылатын бірлік пен тұтастықтың нәтижесі.

Зинаида ЧУМАКОВА,

ҚХА мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Басқа материалдар

Back to top button