Ынтымақ пен татулық тұғыры
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру – дер уақытында қабылданған шешім. Бұл, Президенттің өзі айтып өткендей, билік пен халықтың диалогын қалыптастырып, жұртшылықтың пікірі назардан тыс қалмауы үшін, билік өкілдері елді толғандырған әр мәселеге құлақ асып, сол мәселелерді шешуге ықпал етуі үшін керек.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамда, әлеуметтік, эко номикалық, тағы да басқа маңызды салаларда қордаланған сауалдарды күн тәртібіне шығарып, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіретін болады делінген. Әрине, солай болуы да заңды. Себебі, қоғамдық кеңеске мүше болғандардың барлығы – әртүрлі қоғамдық салалардың өкілдерінен құралған. Халық пен биліктің арасындағы диалогты жақсартуға себеп болатын халық алдында беделді тұлғалар да еніпті. Демек, қай сала, мейлі, ол, жұмыспен қамту, баспана мәселесі, әлеуметтік жағдайлар болсын, оң шешімін табатыны анық.
Халықтың да Ұлттық сенім кеңесінен күтетіні – көңілден шығатын нәтижелі жұмыстар. Кеңестің қоғамымызға қажет екенін, оңтайлы сәтте құрыл ғанын және шынымен де ауқымды істер атқаратынына көзіміз жететініне сенімдіміз.
Халықтың татулығы, ынтымағы, ырысы – біздің басты жетістігіміз. Енді ғана құрылған кеңес жұмысы арқылы осы басты артықшылығымызды одан әрі асқақтата түссек, өзгелерден озық болатынымыз әлбетте, анық.
Ербол МӘМБЕТОВ,
Ералиев селолық округінің әкімі.
ЖАҢААРҚА ауданы