Жаңалықтар

Қымбатты облыс тұрғындары!

Қымбатты облыс тұрғындары!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1992 жылдың 7 мамырында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Ұлт көшбасшысы және ел басшылығы қорғаныс ісіне баса көңіл бөледі. Себебі, сенімді қорғаныс – еліміздің тұрақты дамуының негізі, біздің азаматтарымыздың берекелі тұрмысының кепілі. Бүгінде біздің армия жоғары деңгейлі әзірлігімен, сапалы мобилизациялық резервімен, ұлттық әскери оқу орындары жүйесі мен қуатты материалдық-техникалық базасымен ерекшеленеді.
Өз үйін, өз Отанын қорғау – әр адамның басты парызы. Әр қарағандылық шаңырақта, әр әулетте аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік жолын баяндайтын естеліктер сақтаулы. Олар өздерінің істері мен ерліктері арқылы табандылық пен қайсарлықтың өнегесін көрсетті. Қазіргі таңда сол батыр аталарымыздың жолын жалғаған заманауи әскери кадрлар шоғыры қалыптасты. Олар – біздің тәуелсіздігіміздің қорғаны. Біз олармен мақтанамыз!
7 мамыр жалпыхалықтық мерекеге, рухы мықты, жүрегі түкті ерлердің мейрамына айналды. Бұл күн тек әскери қызметшілер үшін ғана емес, өз Отанын сүйетін және оның мүддесін қорғауға дайын азаматтар үшін де аса маңызды.
Құрметті жерлестер!
Өзіміздің жүрекжарды тілектерімізді Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жауынгер-интернационалистерге және жауынгерлік борышын өтеп жүрген әскерилерге арнаймыз.
Сіздерге бақыт пен береке, ұзақ та баянды ғұмыр тілейміз. Қайсарлық пен ерлік мерекесі әрқашан бейбіт аспан астында тойлана берсін!

Е.ҚОШАНОВ,
Қарағанды облысының әкімі.
С.ӨТЕШОВ,
облыстық мәслихат хатшысы.

 

Құрметті қарағандылықтар, әскери қызметшілер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! 26 жыл бұрын Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған. Еліміздің бейбіт өмірі мен тыныштығын, тәуелсіз мемлекетіміздің шекарасын қорғап жүрген, өзінің азаматтық парызына берік және әскер қатарында қызметін лайықты атқарып жүрген азаматтарымыз үшін сенімдіміз.
Әскери бекетте тұрған немесе бейбіт қызмет атқарып, Қазақстан Республикасының даңқын асқақтатып жүрген, өзінің адал еңбегімен ел байлығын көбейтуге үлес қосып жүрген әр азаматты Отан қорғаушы деп сеніммен айтуға болады.
Әкелеріміз бен аталарымыз қол жеткізген Ұлы Жеңісті ардақтап, ерлік мен қайсарлық және патриотизм рухын биік ұстау – қатардағы және болашақ жауынгерлердің парызы.
Көк аспанымызға әскери ұшақтар тек қана оқу-жаттығу жұмыстары мен парадтар үшін көтеріліп, әскери дабыл тек қана жауынгерлерді жаттықтыру үшін соғылсын.
Елбасымыз және Жоғары Бас қолбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Біздің әскеріміз ел қауіпсіздігінің берік қалқаны әрі егемендігіміздің мызғымас кепілі болып саналады. Қуатты әскер – қуатты Қазақстан!».
Барлық Отан қорғаушыларына қайыспас жігер, зор денсаулық және қызметте табыс тілейміз! Гүлденген Отанымыз – Қазақстан Республикасының аспаны ашық болсын!

Құрметпен,
Н.Әубәкіров,
Қарағанды қаласының әкімі.
Қ.Бексұлтанов,
қалалық мәслихаттың хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button