Руханият

Қылқаламдағы өмір бояулары

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Қазақстан Суретшілер одағы мүшелерінің есеп беру көрмесі ашылды. Одақтың облыстық филиалы жарты ғасырдан астам уақыт аймақтың мәдени өміріне зор үлес қосып, өткен ғасырдың 80-жылдарында Қарағандыда бейнелеу өнері мұражайын құруға бастамашы болып, қылқалам шеберлерінің бір ортаға шоғырлануына ықпал етіп келеді. Екі апта бойы қала тұрғындарының назарына ұсынылатын көрме «Өмір бояулары» деп аталады.

– Көрме үнемі қыста өтеді. Бұл жолы жанрлар мен орындау әдістерінің аясы кең, ал барлық жұмыс жаңа. Жаңа есімдер де баршылық. Олардың арасында Суретшілер одағына әлі мүшелікке өтпегендер, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждерде бейіндік мамандық бойынша оқитын жас шеберлер де бар. Десек те, авторлар талпынып, тәжірибе алмасып, шығармашылық жолын жалғастыруда, жеке көрмелерге дайындалуда және дамыған үстіне дамуда, – деді музей басшысы Бибігүл Құдабаева.

Қарағандылық өнертанушы Лариса Золотареваның да көрме хақында өз айтары бар.

– Экспозиция жұмыстарының ішінде балалық шақ тақырыбы ерекше көзге түседі. Мұнда эмоционалды да нәзік үш туындысын ұсынған Мадихан Қалмаханов көш бастап тұр. Менің де туындыларым бар. А.Исмаилов атындағы Шахтинск мектебінің суретші-педагогтері да қатысып жатыр. Кейбір авторларды Одаққа қабылдауды қарастыруды ұсынамын, – деді өнертанушы.

Татьяна Бакалкина, Елена Колягина, Альбина Қасымова, Анастасия Скорикина, Ульяна Орендовская және Арай Қасым сынды қылқалам шеберлері мұражайға картиналарын көрмеге қою мүмкіндігі үшін алғыс айтты. Олар бұған дейін көрмеге қатысуды армандап жүргенін де жасырмады.

Көрменің ашылуына Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері де қатысты.

– Шабыт көбіне ұлттық тақырыптардан туындайды. Мен ұсынған жұмыстарымның бірі, жіптерді қолдана отырып, аралас медиа картонында жасалған «Память» туындысы осы жіптерге оралған сияқты орман бұғысын бейнелейді. Мұндай суретті жасау идеясы маған мұражайдың жас келушілерімен кездескеннен кейін келді, – деді суретші, Теміртаудағы мұражай көрмелерінің дизайнері Хайниса Мұстафина.

Жұмыс күндері бейнелеу өнері мұражайы сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Билет бағасы – 80-200 теңге аралығында.

Жәлел ШАЛҚАР.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button