Руханият

Қылқалам шеберімен кездесті

№6 жалпы білім беретін мектепте жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігінің онкүндік жоспары аясында «Сегіз қырлы, бір сырлы» тақырыбында КСРО және ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, қылқалам шебері Мұрат Қалқабаевпен кездесу өтіп, сырлы сұхбат өрбіді. Аталған шара қалалық білім бөлімінің «Өнегелі өмір» атты жетістік пен табысқа жеткен адамдармен кездесу жобасы аясында ұйымдастырылды.

Жетістік пен табысқа жеткен тұлғалардың іс-тәжірибесімен, бейнесімен танысу арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және кәсіби бағдарлау мақсатында өткізілген сыр-сұхбатқа мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Манай Хахаш пен Нұршаш Самихан ұйымдастырған шараның мән-мазмұны айрықша.

Сондай-ақ, аталған шараға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, педагогика саласының ардагерлері, ақындар, жазушылар, өнер қайраткерлері мен кәсіпкерлер қатысты.

Кейіпкер Мұрат Қалқабаевтың суретшілік өнері тереңнен тамыр тартады. Өмір жолынан сыр шертсек. Шымкент қаласының маңындағы Алатау тауының бөктерінде орналасқан Оңтүстік ауылын «Суретшілер мекені» деп те атайды екен. Осы бір шағын ауылда туған он жеті адам ҚР Суретшілер одағының мүшесі қатарына енген. Олардың ішінде Т.Тоғысбаев, Е.Төлепбаев, М.Бекенов, Е.Айтбаев, К.Тынысбеков, Ж.Сағымбеков, ағайынды Мұрат пен Қанат Қалқабаевтар да бар.

Мұрат Қалқабаев 1948 жылдары, жер мен көктің тыныштыққа бөленген, талантты жастардың еркін самғауына қанат біткен кезеңінде дүниеге келген. Отбасында баланың ересегі болған ол балғын шағынан ауыл балаларының күнделікті тірлігіне жататын мал жаю, оны күту, суғару, үй шаруашылығына көмектесу секілді жұмыстарды атқарды. Сол кездің өзінде болашақ суретші, қоршаған ортаның, тылсым ғаламның құдіретін сезіп, өзі көрген көріністерді қағаз бетіне түсіріп, ағаштан ойып бейнелер жасаған. Ерекше мүсіндерді жасап, үлкендерді таңғалдырудан жалықпаған екен.

Бұл қасиет әжесінен жұққан көрінеді. Әжесі он саусағынан өнер тамған адам болыпты. Әжесінің жамаған текемет, сырмағын болашақ суретші текемет, сырмақ және гобелен жасаудан бастапты.

Қадірлі қонақ Мұрат Қалқабаев сұхбат барысында мектеп оқушыларының толғандырған сұрақтарына тұшымды жауап беріп, мектеп кітапханасына өзі жүріп өткен өмірі жайлы жазылған естелік кітабын сыйға тартты. Оқушылар кездесуде тамылжыта ән салып, келген қонақтар тамсанып қайтты.

Мектеп директоры Мұратбек Сүлейменов: «Әрбір адам өзін өсіріп тәрбиелеген еліне, халқына пайдалы іс жасап, елінің, халқының алдындағы перзенттік парызын адал орындау керек. Бұл мақсатқа жету үшін ұлдарымыз бен қыздарымызды халқымыздың белгілі тұлғаларының өмірінен, елге сіңірген еңбегінен үлгі алуға тәрбиелеуіміз керек. Сондай тұлғалардың бірі – Мұрат Қалқакөріп, жанында жүріп, осы өнердің уызына бала кезінен қанып өскен. Алматы көркемөнер училищесінде оқып, өнер жолын баев», дей келе, оқушылармен кездесуге келіп, сырлы сұхбат өрбіткені үшін Мұрат Әбдрахманұлына алғысын жеткізді.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button