«WorldSkills Karaganda» – шеберін анықтады
Астана қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Кәсіпқор» холдингінің бірлесуімен ұйымдастырылған «World Skills Kazakhstan-2016» ұлттық чемпионатының шешуі кезеңі өз мәресіне жетті. Еліміздің түпкір-түпкірінен үздік деп танылған 140 колледж студенті бақ сынасты.
Сайысқа болашақ аспаз, құрлысшылар, веб-әзірлеушілер – барлығы 15 мамандық иелері қатысты. Қарағанды облысынан тоғыз студент қатысып, олардың бесеуі жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, «Кірпішпен қаптау» құзыреттілігі бойынша І орынды Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің студенті Жақсылық Үшкемпіров, «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша ІІ орынды Қарағанды коммерциялық колледжінің студенті Виталий Лисневский иеленді. «Веб-әзірлеу» – құзыреттілігі бойынша ІІ орынға Қарағанды политехникалық колледжінің студенті Константин Жуков лайық деп танылса, «Кірпішпен қалау» құзыреттілігі бойынша ІІІ орынды Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің студенті Қасымжан Тұрғанбек иеленді. Ал, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмысы» құзыреттілігі бойынша ІІІ орын Теміртау политехникалық колледжінің студенті Шамиль Жетоногке бұйырды.
Жалпы, «WorldSkills International» сайысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, кәсіби даярлау мен біліктілік стандартын және мәртебесін арттыру болып табылады. «WorldSkills International» халықаралық қозғалысының аясындағы «WorldSkills Karaganda» кәсіби шеберлік сайысы кеншілер шаһарында да ұйымдастырылды. Сайыс барысында «Дәнекерлеу ісі», «Шаштараз ісі», «Аспаздық іс», «Сылақ және гипсокартон жұмыстары» бойынша үміткерлер қатысты. Онда Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің студенті жүлделі орын иеленіп, «World Skills» сайысының халықаралық конкурсына қатысу үшін Бразилияның Сан-Паулу қаласына жолдама алды.
Әзірлеген: Аяулым СОВЕТ